ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА
Категориясы: Тағам
Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді. Ол 30 минут салқын жерге қойылады. Май езіліп, қалған ұнмен араластырылады да оның іртіктеніп қалмауы қадағаланады. Май араластырылған ұн төрт бұрышты етіп жайылады.
Қамыр стол үстіне жайылып, төрт бұрышты формаға келтіріледі. Үстіне ұнға араластырылып төрт бұрышты етілген май қойылып, конверт сияқты бүктеледі де қайтадан жайылады. Қамырдың қабаты 1 сантиметрге жеткенде ол төрт бүктеліп қайтадан жайылады да, тағы да сол 1 сантиметр қалыңдыққа жеткенде төрт бүктеп, әрі қарай жаю керек. Осылайша 4-6 рет қайталанады. Қамырды кезекті жаю алдында 15-20 минут салқында ұстап алған жөн.
Қабатталған қамырды дайындау белгілі бір дағдыны керек ететіндіктен, әрі еңбек те көп жұмсалатын болғандықтан бұл үшін қабатталған жартылай фабрикат пайдалануға да болады.
Дайын қамырдың қалыңдығы 0,5 сантиметрге жеткізіліп жайылады да тұтас алманы орауға жететіндей мөлшерде төрт бұрыштап кесіледі. Ішіне қабығы аршылған және дәні мен өзегі алынған алма, ал алманың дәні алынған орындарына құм шекер салынып, алма жайылған қамырдың ішінде «түйіншек» болып қалатындай етіп, шеттері жабыстырылады. Қамырға оралған алманың сыртына жұмыртқа жағылады. Сөйтіп бір-біріне тиіп тұрмайтындай етіп, жұқа табаға салынады да, пеш температурасы 220-250 градусқа жеткізіліп пісіріледі.
Қамыр жақсы жетілуі үшін оған эфир майы (лимон, қалампыр, запыран, зире, т. б.) қосылады.
Дастарқанға қойылар алдында оралған алманың үстіне қант ұлпасы себіледі.
Бұған 270 грамм ұн, 180 грамм сарымай, 2 грамм тұз, 0,3 грамм лимон қышқылы, 600 грамм алма, 100 грамм құм шекер, 40 грамм жұмыртқа және 50 грамм қант ұлпасы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 15:48:37 Қаралды-3249
ӨРІКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Жемісінің құрамында каротин (А провитамині), А1, В1, В2, С, Р, РР витаминдері, қант, алма, лимон қышқылдары, 24,9% протеин, 40% май, илік заттары болады.
АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ
Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.
КАРТОПҚА ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІ ЕСТІГЕНДЕРІҢ БАР МА?
Әлемнің әр түкпірінде түрлі үй және жабайы жануарларға орнатылған ескерткіштер бар екендігі белгілі. Ал, өсімдіктерге орнатылған арнайы ескерткіштер тіпті саусақпен санарлық.
ҚАСҚЫР
Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.
СІРІҢКЕ НЕДЕН ЖАСАЛАДЫ?
Сіріңке ағаш таяқшадан (сабаннан) дайындалады, оның басы жайылған жерге (үккіш) үйкелген кезде жанып кетеді.