ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕР
Категориясы: Тарих
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕР
Ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет б.з.-дың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады. Ал көне аңызға сәйкес, түркілер касқырдан тараған ұрпақ деп есептеліп, «Ашина» (қасқыр) әулеті атанған. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қол астында болады. VI ғасырдың ортасынан бастап билікті қолына алған Бумын түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын (552 - 745 жж. өмір сүрген) құрады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі Бумын қаған болып есептелінеді, оның мұрагерлері, яғни балалары Қара Ыссық (Қараессе) пен Мұқан қағандар жужандарды талқандауды аяқтайды.
Түркілер шығысында Тынық мұхиттан бастап, батысында Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр даланы қол астына қаратқан. Бүгінгі Қазақстан жері сол замандарда осы бір аса қуатты Түрік мемлекетінің құрамында болған. Мемлекетті Ашина әулетінен тарайтын мұрагерлер басқарған. Билік, әдетте, балаларына, бірге туған ағайындарына немесе жақын туыстарына көшіп отырған. Түркілердің жоғарғы ел билеушісі «қаған» деген лауазымга ие болған.
Түркілер, негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Олар үй жануарларының жаңа түрлерін шығаруға көп көңіл бөлген. Сонымен қатар елдің бір бөлігі жер өңдеумен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналыскан. Қалалар, қоныстар салған. Басқа елдермен сауда және мәдени қарым-қатынас орнатқан. Ұлы Жібек жолының үлкен бөлігін қолдарында ұстап, иелік еткен.
Жарияланған-2015-11-12 14:49:12 Қаралды-18598
ТЕЙГЛАХ

Бұл - қантқа салып қуырған жаңғақтарға ұқсайтын, домалақтап пісіріліп қант пен балға салып қуырылған ұннан жасалатын тағам.
Миллионерлер Финляндияда қандай айыпұлдарды төлейді

Финляндия тағындаған ЖҚЕ бұзуға айыпұлдар тағылмаған белдік үшін немесе дұрыс тұрақтамағаны үшін 35 еуродан басталады және жылдамдықты асырғаны үшін жүздеген мың еуроға дейін барады.
БАЛҚАЙМАҚ

Үн түсі алтындай сарғайғанша шала қуырылады. Содан соң оған қаймақ, бал қосып, араластырылады.
БОЛАТ САРЫБАЕВ

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985 жж.) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңгарған Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартады.
ҚАНТ АЛЫНАТЫН АҒАШТЫ БІЛЕСІҢДЕР МЕ?

Біздің түсінігімізше қант - қант қызылшасынан немесе қант қамысынан алынатыны белгілі. Ал, ағаштан қант жасалатыны бізге онша таныс емес. Ол қандай ағаш, қайда өседі, қант қалай алынады және т.б.? Ғалымдар үйеңкінің 150-ден астам түрі бар деп есептейді.