ТАБАН
Категориясы: Жануарлар
Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді. Табанның негізгі жемі су өсімдіктері, бунақденелілердің дернәсілдері және су түбінде тіршілік ететін әр түрлі жәндіктер. Ол судың жылы болғанын қалайды. Сондықтан салқын түссе-ақ, су түбіндегі құмды, қиыршықты шұңқырларға жиналады.
Табандар уылдырығын көктемде шашады. Бұл балықтың да кәсіптік маңызы зор.
Жарияланған-2015-11-26 15:14:16 Қаралды-4840
ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?
Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр
ЖЕР ЖАҢҒАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ЖЕМІС НУГАСЫ
Бұл - жер жаңғағын қосып, қантқа салып пісірілген курагадан тұратын тағам. Формасы төрт бұрышты, құмшекер себілген.
НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫ
Наурызым қорығы 1934 жылы қарағайлы орман мен Қостанай облысының Наурызым ауданындағы далалы аймақтың шағын көлдерін (Наурызым, Торғай) сақтап қалу мақсатымен құрылған. Бұл жерді табиғи мұражай десе де болады.
САУЫСҚАН
Республикамыздың барлық аймағында басқа кұстармен қатар сауысқан да тіршілік етеді. Олар басқа құстардан жекеленіп, өздері ғана топтасып жүреді.
ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?
Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.
ҮҢГІРЛЕР
Үңгір дегеніміз - ерігіш тау жыныстарының бұзылуы, мүжілуі салдарынан пайда болатын жер қыртысындағы қуыстар. Ерігіш тау жыныстарына көбіне әктас, гипс, доломит, т.б. жатады. Үңгірлердің ұзындығы ондаған, жүздеген метрден, кейде бірнеше ондаған километрге