ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Категориясы: Спорт
Хоккей ойынына ұқсас ойынды 1866 жылы Канада мемлекетінде әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер (ағылшындар) ойлап тауыпты дейді спорт жылнамасы. Бұл ойын 1875 жылдан бастап спорт ойыны дәрежесіне көтерілді. 1879 жылдары хоккей спорт ойынының ережесі бекітіліп, 1884 жылы кәсіби Канада хоккей командасы дүниеге келеді. Хоккей ойынына арналған жасанды мұз айдыны 1899 жылы Монреал қаласында салынған.
Ал шайбалы хоккей ойынын Европалықтар 1895 жылы Лондон қаласында тамашалапты. 1908 жылы 4 мемлекеттен тұратын алғашқы Халықыралық Хоккей лигасы пайда болды. Ол мемлекеттері Бельгия, Ұлыбритания, Франция және Швейцария болатын. Хоккей кубогы үшін алғашқы халықаралық жарыс ұйымдастырушы Канада мемлекетінің генерал-губернаторы Лорд Стэнли бұл 1983 жылы елеулі спорт оқиғасы болатын. Қазіргі кезеңде Стэнли кубогы үшін жарыс - халықаралық дәрежеге көтерілген ең беделді спорт додасы.
Шайбалы хоккейден - Европа біріншілігі 1910 жылдан бастап өткізілді. Ал АҚШ мемлекетінің кубогы үшін жарыс 1917 жылдан бастап жарыс жолына шықты.
Хоккей - 1924 жылы қысқы олимпиадалық ойындардан бастап мұз айдынына орныққан қысқы спорт түрі. Шайбалы хоккей ойыны өтетін алаң көлемі - 61x30 метр. Алаң биіктігі 122 см, қалқандармен қоршалған, ал қақпаның кеңдігі 183 см, биіктігі 122см, болып келеді. Ойын 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. ҚСРО -1953 жылдан бастап Халықаралықфедерацияға (ЛИХГ) мүше болып қабылданды. Ал 1954 жылы бірінші рет Әлем чемпионатына қатынасып, осы уақытқа дейін ешбір командаға дес бермей келе жатқан қанадалықтарды ақтық айқаста 7:2 есебімен ойсырата жеңіп, Әлемдегі бірінші команда атағына ие болды, 1956 жылғы олимпиаданың да жеңімпазы атанып ҚСРО - хоккей әлемінде беделді державаға айналды, олар - 6 рет олимпиада, 20 мәрте Әлем және 23 рет Европа чемпиондары атанды, бұл - дүниежүзі командаларының ішіндегі ең үздік нәтиже.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-07-02 14:00:33 Қаралды-6166
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
ШЫРМАУЫҚ – УЛЫ, СЫРТҚЫ ЖАРАЛАРҒА ЖАҒУ
Шырмауық – сабағы шырмалып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
КАПУСТА ҚҰЙМАҒЫ
Капуста тазартылып, жуылады. Ұсақтап туралады да, үстіне сүт құйылып жұмсарғанша бұқтырылады.
ТҰЗДЫҒЫ КЕЛІССЕ - АС ДӘМДІ
Тұздық тағамға әр, нәр, сондай-ақ қышқыл дәм мен хош иіс береді.
ТАЙГА – ЖАСЫЛ МҰХИТ
Орманның өзі әр түрлі: шырша, қарағай, самырсын өсетіндерін - қылқан жапырақты, ал қайың, көк терек, жөке өсетіндерін жапырақты орман дейді.