UF

БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ

Категориясы: Өсімдікті


БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ – ШЛЕМНИК БАЙКАЛЬСКИЙ И КАРАТАУСКИЙ

Байкал томаға шөбі – биіктігі 35 сантиметрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры ұзын әрі жуан, етті. Сабақтарының төменгі жағы қызғылт түсті, төрт қырлы, бұтақтары көп. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сағақтары қысқа немесе отырмалы, жұмыртқа тәрізді сопақша келген, шеттері бүтін. Гүлдері қос ерінді, көкшіл түсті, сабақтарының жоғарғы жағында бір жағына қарай қисайып, шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасының түктері бар. Маусым-тамыз айларында гүлдейді, жемісі тамыз айында піседі, ол дөңгелектеу келген қара түсті төрт жаңғақшадан тұрады. Тау етектерінде, тастақты беткейлерде, далалы аймақтарда, төбелердің баурайында, құмды жерлерде өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамыр сабағы және тамыры пайдаланылады. Құрамында байкалин, байкелеин, скутелярин, вагонин, илік заттар, смола бар.

Байкал және Қаратау томаға шөбінен жасалған дәрілердің қан тамырларын кеңейтетін, қан қысымын төмендететін, нерв жүйесін тыныштандыратын, жүрек бұлшық еттерінің күшін көбейтіп, соғуын қалыпқа келтіретін, ішектің қабырғаларындағы бұлшық еттердің тырысып қалғанын жазатын қасиеттері бар. Осыған байланысты томаға шөп гипертония ауруын емдеу үшін, сонымен қатар нерв жүйесі қажығанда, ұйқы қашқанда қолданылады. Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді. Жөтел басатын қасиетіне байланысты өкпе және бронх қабынғанда, көкжөтелге қарсы қолданылады. Нерв жүйесін тыныштандыратын әсері жөнінен аты аталған томаға шөптер дәрілік шүйгіншөптен әлдеқайда күшті.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдіктің тамыр сабағының 25 грамын 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, 25 тамшыдан күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 15:14:55     Қаралды-3845

Мәлімет сізге көмек берді ма

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ

...

Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КІШКЕНТАЙ ЕЛДЕР

...

Осы мақалада әлемдегі ең кішкентай мемлекеттер көрсетілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАБЫР-НАМЕ

...

«Бабыр-наме» - түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы - Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕФОНДЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

«Телефон» атауы гректің «tele» (алыс) және «телефон» (дыбыс) сөздерінен шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШ ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Шексіз кеңістік кейде тіпті қорқынышты болса да, зерттелмеген және әдемі құбылыс.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРЛҰҚТАР

...

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »