АСАН ҚАЙҒЫ
Категориясы: Адамдар
Асан Қайғы - қазақтың ақын-жырауы, философы. Ол XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында өмір сүрген. Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Асанның шын есімі - Хасан Сәбитұлы.
Тарихи Асан Қайғы Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммедтің санаткер шенеуніктерінің һәм жақын серіктерінің бірі болған. XV ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Ұлық Мұхаммед Алтын Ордадан қуылады, бірақ Асан әміршісіне адалдығын сақтайды. Кейінгі жылдары Қазанда билік еткен Ұлық Мұхаммедтің оң тізесін басқан кеңесшісі болады, содан Дешті Қыпшаққа тек камқоршысы көз жұмғаннан кейін ғана қайтып оралады.
Асан Қайғы жүз жылдан астам өмір сүреді. Сөйтіп, қартайған шағында, 1450 жылдарда Әбілхайыр ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. 1456 жылы Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жаңа хандықтың ұраншысына айналады...
Асан Қайғыны жұрт махаббат жайлы жазған өлеңдері үшін ғана емес, қарапайым елдің бақыт туралы арманын тамаша суреттей алғандығы үшін де құрметтеген. Асан Қайғы жер жаннаты - Жерұйықты іздегені туралы да көп жырлаған. Ол үшін Жерұйык - құнарлы жайылымдары, суы толық өзендері бар, аң мен құсы мол, халқы мұң мен мұқтаждықты білмей өмір сүретін жұмақ жер еді.
Асан Қайғы туған жерінің, елінің болашағы жайлы көп ойлаған. Ақынның айтқан сөздері мен толғаулары үнемі орындалып отырған. Маңғыстауға келген кезде ол «Кім мал баққысы келсе, бұдан артық жер таппайды!» десе, Ертіс өзені туралы «Суы тұнық әрі таза, жағасы шүйгін шөпке, өзені балыққа толы бұл жерде кедейдің өзі қайдан азық табамын деп қиналмайды» депті.
Ұлы жырау поэзиясында адам туған жерін қалай құрметтесе, ар-ұят, адамгершілік пен адалдық сияқты қасиеттерді де дәл солай бағалау керектігі жайлы ойлар айтылады.
Жарияланған-2015-11-24 16:26:45 Қаралды-18433
ТЕРИ АЛУАСЫ

Бұл алуа көпіршік түзгіште қой майымен және мақта майымен қосып араластырылып, көпіршітілген карамель массасынан жасалатын біркелкі талшықты масса болып табылады.
МИНЕРАЛДАР

Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әр түрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. кұрайды. Минералдар, негізінен, қатты болып келеді.
СЫРДАРИЯ

Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань жоталарынан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аймағы аркылы өтіп, Қазақстанда Арал теңізіне келіп құяды. Ұзындығы - 2219 км.
ЖҰМБАҚТЫ БЕНГАЛИЯ

Бенгал (хинди тілінде Бангал, бенгал тілінде - Бангла) - Үндістандағы Ганг өзенінің төменгі бойымен Ганг және Брахмапутра атырауында орналасқан тарихи аймақ.
БАДАМ КӘЗИНЕГІ

Қант-сірне шырынында қайнатылған бадамнан тұратын шыныдай жылтыр тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты бөліктерден тұрады.