ҚАБАТТАЛҒАН ПАХЛАВА
Категориясы: Тағам
Ішіне жаңғақ салып, ашытқы қосылған қамырдан жасалған май мен балға салынған тағам осылай аталады.
Қамыр да, ішіне салынатын заттар да тоқаш пахлава дайындағандағыдай әзірленеді. Олардың ылғалдылығы да сондай болуы керек. Одан айырмашылығы тек қабатталған пахлава жасауға арналған су барлық ұнға есептегенде 18 проценттей аз алынады. Температурасы 30-35 градус орында қамырдың ашу мерзімі 30-40 минут. Содан соң оның әрбір күлшесі 0,1 килограмнан келетіндей етіліп бөлінеді. Әр бөліктен тоқаш жасалып, ол 1,5-2,0 миллиметр қалыңдықта жайылады. Алдын ала маймен майланған қамыр қабаттары бірінің үстіне бірі қабатталып ақ қаңылтыр табақшаға салынады. Ол табақшалардың қабырғаларының биіктігі 40 милиметр келеді. Ал қамыр қабаттарының саны кейде 14, кейде 18-ге дейін барады.
Қамырдың әрбір екі қаба тынан соң ішіне салатын заттар жайылады. Тек алғашқысы және соңғысы үш қабаттан жасалады да арасы маймен майланып қана қойылады. Пешке қояр алдында шикізаттың үстіне жұмыртқаның сары уызы жағылып, әрқайсысының салмағы 80-100 грамм болатындай етіліп, қиғаш төрт бұрыштап кесіледі. Пахлава 180-200 градуста 30-35 минут бойы пісіріліп, тоқаш пахлава дайындалғандай екі бөліп, әуелі ерітілген май содан соң бал құйылады. Пахлава сол пісірілген табақшаларда салқындатылғаннан кейін қақпағы бар астаушаларға салынады.
Бір килограмм қабатталған пахлаваға 456,2 грамм жоғары сортты ұн, 1,38 ашытқы, 165,9 ұсақталған жеміс дәні, ішіне салатын 165,9 грамм қант (құм шекер), ішіне салатын 1,6 грамм кардамон, үстіне құятын 85,7 грамм бал, үстіне құятын 55,3 грамм ерітілген май, арасына жағатын 102,3 грамм май, үстіне жағатын 22,1 грамм жұмыртқа сары уызы жұмсалады.
Дайын пахлаваның формасы қиғаш төрт бұрышты. Беті жылтыр, сары түстен қоңыр түске дейін ауытқиды. Дәмінің осы тағамның өзіне ғана тән болуы қажет. Кардамон мен балдың иісі шығып туруы тиіс. Ылғалдылығы - 11 процент. Бір килограмында кемінде оны болады.
Жарияланған-2016-03-01 15:28:06 Қаралды-2763
СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ
Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды.
ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ
Жердегі геологиялық процестер нәтижесінде пайда болып, жер қыртысының жеке геологиялық денелерін құрайтын табиғи минералды заттар. Тау жынысының құрамы оны түзетін минералдардың мөлшерімен анықталады.
ТАРИХ... ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ... МАҒЫНАСЫ...
Олимпиада ойындары бүкіл әлем халқын бұл оқиғаны тыныстап тамашалауға мәжбүрлейді.
МАМЛЮКТЕР - КІМ ОЛАР?
МАМЛЮКТЕР (араб.- ақ құлдар, еріксіздер) - түрік, грузин, черкес, Египеттегі басқа да кавказ халықтарынан шыққан әскери-құлдар
ҚАЙМАҚ НЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚОСЫП, ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН ІНЖІР
Інжір мұқият жуылып тазаланады, азғантай су құйылып, лимон қышқылы қосылады. Содан соң қайнағанша қыздырылады да 20 минут ұсталады. Қаймақ пен қант ұлпасы араластырылып шайқалады.