АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ
Категориясы: Адамдар
1960 жылы Алматыда Абай Құнанбайұлына қоладан құйылған ескерткіш қойылды (мүсінші - Х.Е. Наурызбаев, архитектор - Л.И.Белоцерковский). Ескерткіштің жалпы биіктігі - 13,7 м. Трапеция пішімді тұғыры қызыл граниттен қаланған. Сол қолында қолтығына кыса ұстаған кітап, оң қолы желбегей жамылған шапанының шалғайында, ақынның терең ой үстінде келе жатқан сәті бейнеленген. Абай ескерткіші - жеке адамға қойылған алғашқы көлемді ескерткіш. Осы алаңға кейін салынған Республика Сарайы, «Арман» кинотеатры, «Қазақстан» қонақ үйін жобалаған сәулетшілер де Абай ескерткішінің тасаланып қалмауын көздеді. Нәтижесінде, қазір бұл паң тек Абай ескерткіші емес, тұтас архитекторлық ансамбльдің көрнекті үлгісі болып тұр. Алматыдан кейін Абай ескерткіші 1968 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Абай кеңшарында мүсінші - П.Е. Куценко), 1971 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Казақстан облысы), Абай поселкесінде (мүсінші - В.Ю. Рахманов) және 1977 жылы Семей қаласында (мүсінші - Д.Г. Әлбакидзе) 2010 ж. 19 маусымда Астанада (мүсінші - Б. Досжанов) 2000 ж. 10 маусымда Астанада (мүсінші - Г. Ермеков, архит - Н. Айжанов) тұрғызылды.
Жарияланған-2015-11-24 15:32:28 Қаралды-5860
Тауықтар да жарыла алады

1950 жылы неміс газеттерінің бірінде жарылғыш тауықтар туралы оқиға болды. Оқиғаны одан әрі оқи отырыңыздар.
ОШАҒАН - ҚУЫҚ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ

Орта Азия халықтары медицинасында жас өсімдіктің сөлін алып, бронх демікпесін, геморройды емдейді.
ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ ТАҒАМ - ҚАЗЫ

Қазы – жылқы етінің ең шиманды бөлігі. Оны ішекке тығып та, ішекке тықпай да сақтауға болады.
БЕЙБІТШІЛІК ҚҰСЫ

Адам үшін пайдалы, өте момын кұстардың бірі - кептер. Көптеген адамдар бос уақытында кептер өсірумен шұғылданады. Кептер барлық елде тіршіліктің, бейбітшіліктің, сүйіспеншіліктің белгісіне айналған. Кептер - адамның өте ертеден қолға үйреткен құсының бір
БАДАМ ПЕЧЕНЬЕСІ

Бадам іріктеліп алынып, жуылады, жылы жерге қойып аздап кептіріп, рецепте көзделген құм шекердің жартысымен, жұмыртқа ақ уызының төрттен бірімен араластырылады.