ТАҢҒЫ АСҚА АРНАЛҒАН 30 РЕЦЕПТ БУТЕРБРОДТАР
Категориясы: Тағам
Балқытылған ірімшік және сары май бутерброды
Құрамы:
1 тілім нан, 1 шай қасық сары май, 2 тілім балқытылған ірімшік.
Дайындау процесі:
Балқытылған ірімшік қорабынан босатылады да жұқалап бірнеше тілімге тілінеді. Ал бір тілім нанның үстіне сары май жағылып, үстіне екі тілім балқытылған ірімшік қойылады.
Сары май бутерброды
Құрамы:
1 тілім нан, 3 шай қасық сары май.
Дайындау процесі:
Бір тілім нанға қалың етіп сары май жағылады.
Құйрық май бутерброды
Құрамы:
1 тілім нан, 1 тілім құйрық май, бір шымшым тұз, бір шымшым қызыл бұрыш.
Дайындау процесі:
Бір тілім нанның үстіне жуқалап тілінген бір тілім піскен құйрық май қойылады. Құйрықтың бетіне аздап тұз, қызыл бұрыш себіледі.
Сүзбе бутерброды
Құрамы:
1 ас қасық майсыз сүзбе, жарты шай қасық қант, бір шай қасық қаймақ, 1 тілім нан, бір шымшым тұз.
Дайындау процесі:
Үккішпен үгілген сүзбеге қант салынып үстіне қаймақ құйылады да, тұздалып жақсылап араластырылады. Содан соң бір тілім нанға қалың етіп жағылады.
Сүзбе және жұмыртқа бутерброды
Құрамы:
2 тілім бидай наны, 2 ас қасық майсыз сүзбе, 2 шай қасық қаймақ, 1 жұмыртқа, зире мен тұз татымына қарай.
Дайындау процесі:
Сүзбе үккішпен үгіледі. Қаймақ және шикі жұмыртқаның сары уызы құйылады. Зире қосылып, тұздалады. Сөйтіп бәрі араластырылады. Бидай ұнынан пісірілген бір тілім нанға осы масса жағылады. Бетіне шикі жұмыртқаның әбден көпіршітілген ақ уызы жайылады. Содан соң духовкаға қойылып, 3-5 минут қыздырылады.
Ірімшік және майонез бутерброды
Құрамы:
2 тілім нан, 2 шай қасық майонез, 2 тілім (әрқайсысы 20 грамнан) ірімшік.
Дайындау процесі:
Бір тілім нанға майонез жағылып, үстіне бір тілім ірімшік қойылады.
Үгілген ірімшік және жұмыртқа бутерброды
Құрамы:
2 тілім бидай наньі, 1 ас қасық үгілген ірімшік, 2 жұмыртқа, 1 ас қасық сары май.
Дайындау процесі:
Ірімшік, піскен жұмыртқаның сары уызы және тоңазыған сары май ұсақ көзді үккішпен үгіледі. Жақсылап араластырылады. Содан соң бір тілім нанға жағылады. Бетін піскен жұмыртқаның сақиналап кесілген бөліктерімен әсемдеуге де болады.
Үгілген ірімшік бутерброды
Құрамы:
ірілеу бір майшабақ, 2 түйір картоп, 2 түйір сәбіз, орташалау жарты қызылша, жарты пияз, бір шай қасық петрушка көгі, тұз татымына қарай.
Дайындау процесі:
Ірімшік ұсақ көзді үккішпен үгіліп, ұнтақ қызыл бұрышпен араластырылады. Бір үзім нанға әуелі жұқалап сары май, содан соң әлгі қызыл бұрышпен араластырылған ірімшік жағылады.
Майшабақтың ішек-қарны, басы алынып тасталып, терісі сыдырылады. Қабырғалары мен омыртқалары алынып тасталынады. Жақсылап жуылады. Аздап сүтке не салқын шайға салынып қойылады. Содан соң өткір пышақпен бірнеше бөлікке бөлінеді.
Жайпақ ыдыстың ортасына картоп, оның үстіне туралған майшабаң, оны айналдыра манағы піскен сәбіз, қызылша салынады. Дастарқанға әкелерде өсімдік майы, сірке суы, қант және бұрыштан дайындалған майшабақ тұздығы құйылып, сақиналап туралған пияз және көк себіледі.
Үгілген ірімшік және колбаса бутерброды
Құрамы:
50 грамм колбаса, 1 ас қасық үгілген ірімшік, жарты жұмыртқа, 1 шай қасық қыша, бұрыш пен тұз татымына қарай, бір шымшым көк жуа.
Дайындау процесі:
Ірімшік, колбаса және әбден піскен жұмыртқа еттартқышпен тартылады. Аздап қыша қосылады да, тұздалып, бұрышталады. Содан соң бәрі араластырылады. Осы масса бір тілім нанға жағылады. Бетіне аздап көк жуа себуге болады.
Қияр және үгілген ірімшік бутерброды
Құрамы:
2 тілім нан, 2 шай қасық сары май, 1 ас қасық үгілген ірімшік, 1 жас қияр, тұз, бұрыш, көк бір-бір шымшымнан.
Дайындау процесі:
Ірімшік ұсақ көзді үккішпен үгіледі. Бір тілім нанға сары май, үстіне үгілген ірімшік жағылады да оның үстіне жұқалап кесілген қияр тілігі қойылады. Қияр сол күйінде тұздалып, бұрышталады. Ұсақтап туралған көк себіледі.
Алма және ірімшік бутерброды
Құрамы:
2 тілім нан, 2 шай қасық сары май, жарты алма, 2 тілім ірімшік.
Дайындау процесі:
Бір тілім нанға сары май жағылады да жұқалап тілінген алма тіліктерімен жабылады. Оның үстіне ірімшік тілімдері қойылады. Сол күйінше духовкаға қойып, ірімшік балқығанша қыздырылады.
Ысталған балық бутерброды
Құрамы:
100 грамм ысталған балық, жарты жұмыртқа, 2 ас қасық майсыз сүзбе, 2 тілім нан, 1 ас қасық қаймақ, тұз татымына қарай.
Дайындау процесі:
Ысталған балықтың қабығы сыдырылады, сүйегінен тазартылады. Содан соң майсыз сүзбе және піскен жұмыртқа қосып ет тартқышпен тартылады. Осы массаға қаймақ құйылады да тұздалып, бұлғанады. Сөйтіп, бір тілім нанға жағылады.
Сәбіз бутерброды
Құрамы:
2 ас қасық майсыз сүзбе, 1 ас қасық қаймақ, жарты сәбіз, қант, тұз әркімнің қалауынша.
Дайындау процесі:
Сәбіздің қабығы аршылып, ұсак көзді үккішпен үгіледі. Үстіне үгілген сүзбе, қаймақ, қант қосылып, тұздалады да араластырылады. Содан соң бір тілім бидай нанына жағылады.
Шалғам және ірімшік бутерброды
Құрамы:
жарты кеседен астам майсыз сүзбе, 4 түйір шағындау шалғам, 25 грамм балқытылған ірімшік, 1 ас қасыққаймақ, 2 тілім нан, 1 тал көк жуа, зире мен тұз әркімнің қалауынша.
Дайындау процесі:
Шалғам, көк жуа, сүзбе және балқытылған ірімшік қосылып, еттартқышпен тартылады. Осы массаға зире, тұз салынып, қаймақ құйылады да жақсылап араластырылады. Содан соң бір тілім нанға жағылады.
Саңырауқұлақ бутерброды
Құрамы:
1 тілім нан, жарты кесе майсыз сүзбе, 50 грамм жас саңырауқұлақ, 1 пияз, 1 ас қасық сары май, тұз бен бұрыш татымына қарай.
Дайындау процесі:
Жас саңырауқұлақ ыстық сумен жуылып, әбден тазартылады. Пияз және сары май қосылып, бұқтырылады. Суығаннан кейін тұздалып, бұрышталып, ұсақ көзді ет тартқыштан өткізіледі де, сүзбемен қосып үгіледі. Дайын масса бір тілім нанға жағылады.
Сазан бутерброды
Құрамы:
100 грамм сазан, бір ас қасық сары май, 2 тілім нан, бір шымшым қызыл бұрыш, сондай аскөк.
Дайындау процесі:
Піскен сазанның сүйектері алынып тасталынады. Бір тілім нанға жұқалап сары май жағылады да үстіне бір кесек сазан қойылады. Оған аздап қызыл бұрыш, көк себіледі.
Сүзбе және аскөк бутерброды
Құрамы:
жарты кесе майсыз сүзбе, 1 шай қасық аскөк, 2 ас қасық қаймақ, 2 тілім нан, зире мен түз дәмі мен татымына қарай.
Дайындау процесі:
Үгілген майсыз сүзбеге майдалап туралған аскөк, зире қосылып, тұздалады да қаймақ құйылып, араластырылады. Содан соң осы масса бір тілім нанға жағылады.
Сүзбе және сарымсақ бутерброды
Құрамы:
2 ас қасық майсыз сүзбе, сарымсақтың 1 баданасы, 2 ас қасық өсімдік майы, 2 тілім нан, лимон қышқылы, бұрыш, тұз әркімнің қалауы бойынша.
Дайындау процесі:
Тұз қосылған сарымсақ қол келіге салынады. Содан соң бір-бір тамшыдан өсімдік майы құйыла отырып, түйіледі. Үстіне үккішпен үгілген сүзбе, аздаған ұнтақ қызыл бұрыш, лимон қышқылы қосылып, мұқият араластырылады. Осы қоспа пышақпен не қасықпен бір тілім нанға жағылады.
Томат пюресі және сүзбе бутерброды
Құрамы:
50 грамм майсыз сүзбе, 2 шай қасық томат пюресі, 1 тілім нан, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне қарай.
Дайындау процесі:
Майсыз сүзбе үккішпен үгіледі. Оған томат пюресі қосылады. Тұздалып, бұрышталады да жақсылап араластырылады. Осы масса шетінен алынып, бір тілім нанға жағылады.
Қыша бутерброды
Құрамы:
1 шай қасық қыша, бір ас қасық сары май, 1 тілім нан.
Дайындау процесі:
Қыша мен сары май әбден араластырылады. Ол біркелкі массаға айналғаннан кейін бір тілім нанға жағылады.
Шпрот немесе сардина бутерброды
Құрамы:
1 ас қасық сары май, 1 шай қасық үгілген шпрот немесе сардина, 1 шай қасық үгілген алма, кішкентайлау пияздың жартысы, тұз әркімнің қалауы бойынша.
Дайындау процесі:
Пияз ұсақталып туралады да аздаған сары майға қуырылады. Шпрот немесе сардина пиязбен қосып, үккішпен үгіледі. Алма да үккішпен үгіліп, тұздалады да сары май салып, бұлғанады. Содан соң ол шпрот немесе сары майға қосылып араластырылады. Дайын масса нанға жағылады.
Майшабақ бутерброды
Құрамы:
1 ас қасық сары май, піскен жұмыртқа сары уызының тең жартысы, 30 грамм майшабақ.
Дайындау процесі:
Тұздалған майшабақ жақсылап жуылып, 10 сағаттай суға салынып қойылады. Бірақ осы мерзімнің ішінде 2-3 рет суы ауыстырылуға тиіс. Содан соң кептіріліп, терісі сыдырылады да жон еті бөлініп алынып, сүйегінен тазартылады. Сөйтіп, піскен жұмыртқаның сары уызымен қосып, ет тартқышпен тартылады да сары май қосылады. Бұдан кейін ұсақ көзді үккішпен үгіледі. Осы масса бір тілім нанға жағылады.
Желкек және сары май бутерброды
Құрамы:
1 ас қасық сары май, 8 грамм желкек тамыры, 2 тілім бидай наны.
Дайындау процесі:
Желкек тамыры тазартылады. Ұсақ көзді үккішпен үгіледі. Сары май тұздалып, үгілген желкек қосылады. Сөйтіп жақсылап араластырылады да бір тілім нанға жағылады.
Сары май және петрушка бутерброды
Құрамы:
1 ас қасық сары май, жарты қасық петрушка көгі, 2 тілім бидай наны, тұз татымына қарай.
Сары май сәл еріті- леді де тұздалады. Петрушка көгі әбден ұсақталып, сары майға себіледі де әбден араластырылады. Сөйтіп бір тілім нанға жағылады.
Қызылша және қаймақ бутерброды
Құрамы:
орташалау қызылшаның жартысы, 2 ас қасық қаймақ, 2 тілім нан, тұз татымына қарай.
Дайындау процесі:
Қызылша пісіріліп, қабығы аршылады да бірнеше тілікке тілінеді. Сөйтіп ұсақ көзді үккішпен үгіледі де тұздалады. Үстіне қаймақ құйылып, араластырылады да бір тілім нанға жағылады.
Помидор бутерброды
Құрамы:
1 тілім нан, жарты шай қасық сары май, помидордың үш тілігі, бір шымшым тұз.
Дайындау процесі:
Жақсылап жуылған помидор жұқалап, дөңгелетіп кесіледі. Бір тілім нанға жұқалап сары май жағылады да үстіне помидор тіліктері салынып, аздап тұз себіледі.
Пияз бутерброды
Құрамы:
жарты пияз, 1 шай қасық сары май, 1 тілім бидай наны, тұз бен қызыл бұрыш татымына қарай.
Пияздың қабығы аршылып, ұсақтап туралады да тұздалып, сары майға шала қуырылады. Содан кейін сәл салқындатылып, бір тілім нанның үстіне жайылады. Тұзы татымаса сәл-пәл тұз, қызыл бұрыш себуге болады.
Асқабақ бутерброды
Құрамы:
1 тілім нан, асқабақтың да жұқа 1 тілігі, тұз әркімнің қалауынша, бір шымшым аскөк.
Дайындау процесі:
Піскен асқабақтың еті жұқалап тілінеді де бір тілім нанның бетіне қойылады. Үстіне аздап тұз, аскөк себіледі.
Помидор бутерброды
Құрамы:
1 тілім нан, помидордың 3 тілігі, бір шымшым тұз, пияздың 3-4 бөлігі немесе жарты шай қасық көк жуа.
Дайындау процесі:
Бір тілім нанның үстіне әбден піскен помидордың сақиналап кесілген үш тілігі қойылады. Оған аздап тұз себіліп, сақиналап туралған пиязбен немесе ұсақтап туралған көк жуамен әсемделеді.
Қауын бутерброды
Құрамы:
1 тілім нан, жарты жұқа тілік қауын.
Дайындау процесі:
Бір тілім нанның үстіне қауынның қабығы алынып тасталған жарты жұқа тілігі қойылады.
Жарияланған-2016-06-27 20:26:33 Қаралды-4957
ШҰБАТТЫҢ ДӘРУЛІК, ШИПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрулік, шипалық қасиеті де бар.
ЖЕТІСУ
Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.
ВАЛЮТАЛАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Ақша – бұрыннан ойлап табылған әмбебап айналым құралы.
КОНЬКИ - ГОЛЛАҢДИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ
Спорттың бұл түрін мамандар, мұз үстіндегі балет өнерінің ең тандаулысы деп жүр.
ТӘУЕКЕЛ ХАН
Тәуекел хан (т.ж.б. - 1598 ж.) Қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның ұрпағы болып келеді. Ол - Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай ханның ұлы. Тәуекел он жылдан астам (1586-98 жж.) хан тағында отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір
ЖАНР
Суретшілер әр қилы шығармалар тудырады. Біреуі табиғатты, екіншісі адамды бейнелесе, үшіншісі күнде көріп жүрғен қарапайым заттарды кескіндейді. Міне, шығармаларды сол нені бейнелегеніне қаран, жанрға бөлетін болған.