600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР
Категориясы: Табиғат
Шыршық өзенінің жоғары ағысында алып шынар ағашы бар. Шынардың үлкендігі сонша, бірталай адам қол ұстасып тұрып құшақтаса да, құшақтары жетпейді екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам бір незгілде демалатын көрінеді.
«XVIII ғасырлар ортасында Төле би Ташкентті билепті. Жазда ол жайлауға шығып, осы шынардың түбінде елдің игі жақсыларын шақырып, қымыз ішеді екен. Әңгіме- дүкен құрып, келелі мәселелерді ніешеді екен», - деген аңыз-әңгіме айтылады.
Бірде Төле бидің жылқысын жау қуып ала жөнеліпті. Ел «енді не іс- тейміз?» деп аңтарылып тұрғанда:
- Ана шынардың түбінде байлаулы тұрған қасқа айғырды қыл бұрау салып шыңғыртыңдар, сонда жылқы өзі-ақ қайтады, - депті би.
Жігіттер аяғы тасырқап жылқыға ілесе алмай қалған қасқа айғырды қыл арқан салып шыңғыртады. Айғырдың дауысын Қаржан тауын асып бара жатқан қалың жылқы естісімен нөпірлетіп қайта кері шауыпты. Ал жылқы ұрлаушылар көп жылқы тұяғының астында тапталып өлген деседі.
Шынардың саясында алыс жерлерден келген адамдар демалып, қуат алады екен. Талай оқиғаның куәсі болған, көне тарих көзі - алып шынар келіп-кетушілерді күні бүгінге дейін саясына алып, мейірін төгетін көрінеді.
Жарияланған-2015-11-20 13:53:01 Қаралды-5696
АЛЬБОМ СӨЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Егер ежелгі римдіктен «Альбомның» не екенін сұрасаң, ол: «Альбом - ақ тақта. Латынша «альбум» - аппақ деген сөз.
РАХАТ-ЛУКУМ

Кондитер өнеркәсібі ванильді, қызғылт, жаңғақ қосылған, шоколад қосылған, ассорти рахат-лукумдарын шығарады.
ЕШКІ СҮТІНІҢ ПАЙДАСЫ ЗОР

Кавказ жағалауы елдерінде. Ортатык Азияда және кейбір шет елдерде ешкі сүті көптеп колданылады.
ҚҰЛМАҚ – УЛЫ ӨСІМДІК

Халық медицинасында құлмақты тамаққа тәбетті арттыру үшін, асқазанның қабынуын, іш өткенді емдеу үшін пайдаланады.
ЖЕРГЕ ЕҢ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

Кун жуйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Ол аса ыстық газдан тұратын, шар тәрізді аспан денесі болып саналады. Бүкілкүн жүйесі массасының 99,866%-і кұнде жинақталған.