UF

АҚ ТҰҢҒИЫҚ

Категориясы: Өсімдікті


Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады. Онда көзге көрінбейтін саңылаулар бар. Сол арқылы ауа сыртқа тарап, желдің әсерінен тұқым су түбіне түседі. Ал келесі жылы жаңа өсімдік өсіп шығады. Тамыры мен тұқымын су құстары, ондатр, кәмшат, жұпартышқан қорек етеді. Ақ тұңғиықты бау-бақша, саябақтарды көгалдандыру үшін де өсіреді. Егер су температурасы құрлықтағыдан төмен болса, олар өзен бойындағы құрғақ жерлерде де өсе береді. Ақ тұңғиық - сирек кездесетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдік.

Мысырда ежелден ақ тұңғиық гүліне табынған. Себебі оның әр гүлінен күн сайын күн Құдайы - Ра туады деп сенген.

  Жарияланған-2015-11-26 14:06:47     Қаралды-12114

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТАҺИР ХАН

...

Таһир (Тайыр) - Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, шамамен 1531-1533 жылдар аралығында дүниеден өткен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЛҒА ДА КҮТІМ КЕРЕК

...

Кейбір әйелдер бет сұлулығына көбірек көңіл бөліп, қол кутімін естен шығарып алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ПЛАНЕТА КҮНГЕ ЖАҚЫН?

...

Меркурий – «ең ыстық» планета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕС САЛАЛЫ САСЫҚ ШӨП

...

Бес салалы сасық шөп – биіктіғі 1,5 метрге жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК МЕЛИССА

...

Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕСШАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

...

Бесшатыр - көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіштерінің бірі. Ол Жетісу өңіріндегі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Бесшатыр қорымының құрамында 31 оба бар. Бұл ескерткіш б.з.б. VI -V ғасырларға жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »