ТБИЛИСИ ПАХЛАВАСЫ
Категориясы: Тағам
Арасына жаңғақ салып, майға және балға малынған қамырды қабаттап жасаған тағам осылай деп аталады. Формасы қиғаш төрт бұрышты. Ылғалдылығы 11,5-14,5 пайыз.
Дайындалу технологиясы баку пахлавасы мен тоқаш пахлава жасау технологиясындай.
Бір килограмм тбилиси пахлавасын жасауға 296,8 грамм жоғары сортты ұн, 196,8 грамм сарымай, үстіне құятын 18,1 грамм май, 16,0 грамм қатырылған жұмыртқа, майлауға арналған 27,0 грамм қатырылған жұмыртқа, ішіне салатын 40,0 грамм бал, үстіне құятын 35,0 грамм бал, 217,0 грамм құм шекер, 2,1 грамм тұз, 0,3 грамм лимон қышқылы, ішіне салатын 2,5 грамм дәм қабық, ішіне салатын 2,5 грамм кардамон және ішіне салатын 217 грамм жаңғақ жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-02 13:16:56 Қаралды-2691
ТАЙТҰЯҚ – МАСКҮНЕМДІККЕ ҚАРСЫ
Құрамында эфир майлары, азорон, пинен, эвгенол, борнилацетат, танин, қоймалжың заттар, шайырлар, азарин деген алкалоид бар.
ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК – КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАҒАМДАРЫНЫҢ БІРІ
Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі - ірімшік.
ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ – ТӘБЕТТІ ҚОЗДЫРАДЫ
Қызыл бұрыштың жемісін азғантай мөлшерде тамаққа салса, тәбетті қоздырады.
ҚАРАҚАТ ЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Қарақаттың жидегінде, буршігінде, жапырағында, гүлінде С, В1, Р витаминдері және А витамині (каротин) көп болады. Сонымен қатар жидегінде қант, лимон, алма қышқылдары, илік заты және бояу бар, бүршігінде және жапырағында эфир майы болады.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ҚАРЫНДАШ
Тас дәуірінің адамы үңгірдің ортасында жанып жатқан оттың шет жағында сөнген шала көмірді ала сап, тас қабырғаны алғаш рет сызып көрген күнді қарындаштың жарыққа келген күні деп есептеуге әбден болады.