UF

КҮРЕС ӨНЕРІ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Күш атасы атанған балуандык өнер - спорт сүйер қауымның ең қадірлісі десек, қателеспейміз. Аты аңызға айналған римдік қойшы Максимилиан өз қарсыластары 16 атақты балуанды жығып, римдік император Септимия Совердің оқ қағаршысы болған. Кейіннен халық оны сыйлап, император тағына отырғызыпты дейді халық аңызы. Орыс палуаны Терентии Корень 1907 жылы Американың Чикаго қаласында темір төр ішінде арыстанмен алысып, оны басынан асыра көтеріп, жерге алып ұрғанда аң патшасы жән тәсілін етіпті. Сөйтіп, цирк өнерпаздары жеңген алтын медальмен марапатталыныпты.

Балуандық өнерді меңгерушілер грек жұртында ең қадірменділер, деп саналған. Ертеде өмір сүрген көреген грек философы Солон «... бұлардың жаны жайсаң, денесі әсем, мұндай адамдар бейбітшілік кезеңде меймандос, қонақжай жайдары жандар, ал соғыс кезінде ел қорғаушылар», - деп жазған.

Аңызға сенсек күрес өнерінің алғашқы ережесін жазушы Минотавр мен белдескен Тесей деген мәлімет бар.

Ертедегі өткізілген олимпиада бағдарламасына жүгіруден кейінгі екінші болып кірген күрес өнері екен. Спорт өнері туралы жазылған және баспадан 1539 жылы шыққан кітап күрес өнеріне арналған, оның аты «Күрес өнері».

Халқаралық күрес федерациясы (ФИАА) 1912 жылы ұйымдастырылды, қазір оның 111 астам мүшелері бар.

Дүние жүзіндегі ең көп тараған спорттық күрестің негізгі 4 түрі бар. Олар: еркін және грек-римдік, дзюдо, самбо күрестері.

Греко-римдік күрес өте ертеде пайда болған өнер, ол 1896 жылы өткізілген 1 Олимпиада бағдарламасына енді, ол кезде палуандар салмағына шек қоюшылық болмаған еді. Бұл күрес өнерінен ең ұзақ уақытқа жалғасқан жекпе- жек 1912 жылы орыс балуаны К. Клейнмен екі дүркін әлем чемпионы Фин Аликайнен арасындағы жекпе-жек еді, күрес 10 сағат 15 минутқа жалғасыпты, нәтижеде М. Клейн жеңіске жеткен. Күрестің бұл түрінен Еуропа біріншілігі 1898 жылы өтсе, дүниежүзілік біріншілік 1904 жылы Вена қаласында өткен.

Еркін күрес-ағылшын күресі кэтч күресінің негізінде пайда болған. 1904 жылғы америкадағы Сент-Луис қаласында өткен олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған балуан Александр Медведьев Белорусс балуаны.

Дзюдо - күресінін шығу тегі жапон халқының тарихына байланысты «дзю» - жұмсақтық, «до» - жол деген ұғымды білдіреді.

Дзюдо VI-IX ғасыр арасындағы Азия елдері Қытай, Корея және Жапонияда өте кеп тараған спорт түрі болған.

Дзюдо-жапондық жекпе-жек джиу-джитсу күресіне өте ұқсас өнер. Дзюдо күресінің әлемдік кілемге шығуына орасан еңбек еткендер жапоңдық дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Д.Коно мен Э.Бельц. Алғашқы дзюдо күресінен спортшылар дайыңдайтын арнайы мектеп 1882 жылы Токио қаласында ашылған.

Дзюдо өнерімен айналысушылардың қол жеткізген табыстарына берілетін белгілер де бар. Мысалы, ақ белбеу - жаттығуды жаңа бастаушыларға байланса, қара белбеу-дүние жүзі чемпиондарына байланады. Одан басқаға - сары, көк, қызғылт түсті белбеу иелері де болады.

Дзюдо күресі барысыңда төрешілер пайдаланатын терминдер жапонша қолданылады. Олар: «Хаджимэ» - «баста», «матэ» - «жекпе-жекті токтат», «иоши» - «күресті жалғастырыңдар», «осаекоми» - «ұстап түрды» - «соно мама» - «қозғалма», «токета» - «қауіпті жағдайдан шықты », «хантей» - «шешіміңді корсет», «соро мудэ» - «жекпежек бітті» т. б.

Егер қарсыласы 10:0 есебімен ұтып келе жатса, кездесу тоқтатылып, көп ұпайды жинаған палуанға жеңіс беріледі. «Иппон» - «Таза жеңіс».

Совет спортшыларының ішіндегі алғашқы олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған грузин палуаны - Шота Чочишвили.

Самбо-құралсыз қорғану - деген мағына беретін сөз. Самбо күресінің отаны Кеңес Одағы деген тұжырым бар Самбо күресіндегі негізгі тәсілдер азербайжандық «гу леш», армяндық «кох», қазақтың «күрес», молдавандардың «трынтэ», тәжіктердің «гуштингири», түрікмендердің «гореш» өнерлерінен алынған деуге толық дәлел бар.

Самбо өнерінің аты кұлаққа жағымды болып естілмегенмен, өзіміздің алыссаң алып ұр деген ата өнеріміз ұлттық күресіміздің сыңарындай спорт түрі. Қазақстандағы самбо өнерінің кұрт дамуы сексенінші жылдардан бастау алды десек қателеспейміз. Зерделі мамандар - М.Жахидов, Д.Биткөзов, А.Асубаевтар тәрбиелеген шәкірттер халықаралық аренада тамаша өнер көрсетіп отанына абыроймен орала бастады. Ал Жамбылдық Қанат Байшолақов жастар арасында әлем чемпионы атанып, қазақстандықтар үшін самбо күресі тарихының жаңа бетін ашты, бұл 1981 жылдың жаза еді. Одан кейін Н.Оспанов,Т.Ақтаев, М.Калиенков, Е.Иманжүзіпов, М.Темірболатов, Р.Өмірбаев жастармен жасөспірімдер арасында әлемдік біріншіліктерде алдарына жан салған жоқ. Ал ересектер арасында жамбылдық Қ.Байшолақов пен оралдық А.Шахиев әлем чемпионы аталды. Палуаңдар – А.Шайхиев, А.Шаңғараев, А.Мұсабеков пен Т.Байшолақов әлем кубогын жеңіп алды.

Тек 1981-1990 жылдар аралығында қазақстандық самбошылар халықаралық аренада өткен жарыстарда 20 жүлдені еншіленді.

1991 жылдан бастап республикада ерлер мен әйелдер арасында да халықаралық деңгейдегі жарыстар өте бастады. Алматылық қыздар А.Жайәкішова мен Е.Богунова әлем чемпионы атанды. Ал Азия құрлығындағы жарыстарда жеңімпаз атанғандарда баршылық. Олар Ж.Байшолақов, С.Рамазанов, А.Махмұтов әйелдер арасында А.Керімбекова, Ж.Бозова, жастар арасында Н.Ақсақалов, А.Нығыметов, О.Олейник алтыннан алқа тақты.

1993 жылы С.Садыханов, А.Симутина, Е.Омарбаев, Г.Ысқақова, А.Жақсиев, Б.Смажнов, Е.Семенюк әлем чемпионы атанды. Самбо өнерінің дамуында Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты ұжымы қосқан үлес те қомақты, оның түлектері Н.Ақсақалов пен Е.Сапарғалиев Азия чемпионы тәжін кигендер.

Қазақ күресінің інісі самбо және оның мамандары халықаралық мамандар қатарында тұрған зиялы жандар. Мысалы, қазіргі Азия самбо федерациясының президенті болып Бауыржан Секербекұлы Жаналиннің сайлануы жоғарыдағы пікірдің куәсі іспетті емес пе.

Қазақстан Республикасының Халықаралық жарыстағы алғашқы ту көтерері Қажымұқан Мұңайтпасов болғаны әлемге аян.

Қазакстанның ұлттық күрес федерациясы 1955 жылы құрылды. Қазақ жастарының ішінде бірінші болып «Спорт» шебері алқасын омырауына таққандар Қ.Байдосов пен Ж. Ысқақовтар.

Ал алғашқы олимпиада алтын медалын жеңіп алған А.Колесов, екі дүркін олимпиада алтын медалын жеңіп алған В.Резанцев бір дүркін олимпиада жұлдыздары атанғандар: Ш. Серіков, Ж. Үшкемпіров, А.Быковтар.

Грек-римдік күрестен алғашқы Азия ойындарының чемпиондары тәжін кигендер Даулет Тұрлыханов пен Алексавдр Мельников бұл 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында болған еді.

1995 жылы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың дүние жүзінің чемпионы атанғанына 100 жыл толды. Қазақ жерінде Қажымұқан бабамыз салған сара жол, құдайға шүкір оның ұрпақтарына тола. КСГӨ чемпиондарымен жүлдегерлері Ә.Айханов, Ғабсаттаров, А. Бұғышаев, С.Әбдікәрімов, Р.Нұрманов, А.Иманқұловты Азия ойындарының жеңімпазы М.Мамыровты мақтан тұтсақ, грек-рим күресі бойынша олимпиада чемпиондары Ж.Үшкемшров пен Ш.Серіковты, қос бірдей олимпиада жүлдегері, әлем және Европа чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Дәулет Тұрлыхановты, ҚСРО спартакиадасының жүлдегерлері Е.Батырғаринді, Б.Байсейітовты және Р.Жұмабековтерді халқымыздың мәртебесін өсірген даңқын асырған саңлақтар деп білеміз.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-24 16:28:20     Қаралды-291

Мәлімет сізге көмек берді ма

Загрузка...

ЖАҢҒАҚ-БАЛ КЕКСІ

...

Бал қантпен, жұмыртқамен, ұнмен араластырылып, төртке бөлінген грек жаңғағының дәндері және мейіз қосылады. Бұл масса алдын-ала май жағылып, дайындалған кекс формасына салынып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЛҚАН

...

Қалқан - қолға ұстап қолданылатын қорғаныс жарағы. Атына сәйкес денені оқтан, қарудан қалқалау арқылы қорғайды. Көшпелілердің калқандары ат үстінде шайкасуға қолайлы болу үшін шағын, жеңіл етіп жасалған. Қалқанға әр түрлі материалдар: тал шыбықтарын, ағаш

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ӨРМЕ

...

Қамыр сүтке қатты етіліп иленеді де, оған май, қант, мейіз, езілген ашытқы, жұмыртқаның сары уызы қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп 90 минут бойы жылы жерге қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨРІКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Жемісінің құрамында каротин (А провитамині), А1, В1, В2, С, Р, РР витаминдері, қант, алма, лимон қышқылдары, 24,9% протеин, 40% май, илік заттары болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫ

...

Ұлытау аймағы Сарыарқаның оңтүстік-батыс шегінде, Қарағанды, Қостанай облыстары жерінде орналасқан. Негізінен, Қарағанды облысы Ұлытау ауданын қамтитын бұл аймақ шоқылы, қыратты келген аласа таулардан тұрады. Олардың жалпы орташа биіктігі 400-600 метр, кө

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ЛУКУМ

...

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »