ИТЕЛГІ
Категориясы: Жануарлар
Ителгі - дүние жүзінде кең тараған құс. Қазақстанда сілемді таулар мен ормансыз ашық далалардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Үстіртте, Сарыарқаның жатаған таулы өңірлерінде мол ұшырасады. Ителгіні баптау, жалпы, қыран құсты қолға үйрету тәжірибесінің тәртібімен жүзеге асырылады. Қыран атаулының ішіндегі тез көндіккіші осы ителгі. Ителгі қоян, үйрек, қыргауыл, құр, шіл, кекілік, т.б. ұсақ аң-құстарды алады.
Ителгінің көзі дөп-дөңгелек, мөлдір қара болады. Сырт тұлғасы сұңқарға ұқсас болғанымен, түсінде көп айырмашылық бар. Мәселен, ителгінің сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры сарғыш тартып тұрады. Тамағы ақ сары келеді. Танау тесігі дөңгелене біткен. Тұмсық имегі доғалдау, бірақ өткір. Сұңқар тектес кұс болғанымен, кұсбегілер ителгіні өзінше жіктеп, бітім- ерекшеліктеріне орай айырып танитын болған.
Құсбегілер ителгіні ақ шұбар, қара шұбар, қызыл шұбар, терлік, құрым сары деп атайды.
Жарияланған-2015-11-17 15:30:53 Қаралды-4237
ЖЕНТТЕН ҚАНДАЙ ТӘТТІ ТАҒАМДАР ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

Бұл - қыста да, жазда да бұзылмайтын, әрқашан өзінің нәрлілігі мен дәмділігін сақтайтын, сондықтан да көшпелі халықтың дастарқанынан тиесілі орын алған ұлттық тағам.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

СССР-ді қорғау жолында жасаған ерлігі мен батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық қаһармандар.
БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҚУЫРМА-ҚАТТАМА (печенье)

Бадам іріктеліп алынып, үккішке салынып ұнтақталады. Арнайы бадам үккіш болмаса, бадамды қантпен және екі жұмыртқаның ағымен араластырып, көзі кішкентай ет тартатын машинкадан 2-3 рет өткізу қажет.
ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ

10 ғасырда жазған араб географтарының (Ибн Хордадбек, Макдиси) айтуынша, Үргеніш бүкіл Хорезмде көлемі жағынан екінші қала болған.
ЖАҢҒАҚ НУГАСЫ

Бұл жаңғақты мол салып шайқалған кәмпит массасынан тұрады. Жаңғақ нугасы да лимон нугасы сияқты дайындалады.