БАДАМ КӘЗИНЕГІ
Категориясы: Тағам
Қант-сірне шырынында қайнатылған бадамнан тұратын шыныдай жылтыр тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты бөліктерден тұрады.
Қайнап жатқан шырынға аз-аздан бадам қоса отырып, 130-140 градусқа дейін қайнатылады.
Дайын масса салқын жерге (сумен салқындатылып туратын плита үстіне) салынады. Плита үсті алдын ала сарымаймен майлап қойылады. 80 градусқа дейін салқындаған масса қалыңдығы 10-12 миллиметр етіліп жайылып, квадрат бөліктерге бөлінеді. Кәзинәк қаңылтыр қораптарға салынады да, қақпағы тығыздап жабылып, қағазбен желімделіп тасталады.
Фундук жаңғағынан, өрік дәнінен, жер жаңғағынан жасалатын кәзинектердің айырмашылығы оларда бадамның орнына сондай мөлшерде тиісті жемістің дәні салынады.
Бір килограмм кәзинекке 359,3 грамм қант, 179,7 грамм сірне, 539,0 грамм бадам, 0,17 грамм ванилин және 5,4 грамм сарымай жұмсалады.
Бадамнан жасалған кәзинәктің бір килограмында кемінде 65 данасы болады. Ылғалдылығы - 3 процент, қорапқа салғандағы массасы 3 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 3 ай.
Жарияланған-2016-02-23 14:18:01 Қаралды-1488
ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ БАҚТАР МЕН САЯБАҚТАР

Әлемнің ең әдемі бақтар мен саябақтар виртуалды қыдыруға шақырамыз:
БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ

Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»

«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде - «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») - оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған.
МИПАЛАУ - ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАРҒА ТАРТЫЛАДЫ

Мипалау көбінесе құрметті қонақтарға қазақша еттен кейін тартылады. Сол кісілердің рұқсатымен бүкіл дастарқан басындағылар ауыз тиеді.
ЖЕТІСУ

Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.