UF

Жерде тіршіліктің даму тарихы

 

Ғалымдар Жер және ондағы тіршілік тарихын белгілі уақыт аралықтарына -эраларға, эраларды кезеңдерге жіктейді. Жерде тіршіліктің даму процесі геохроникалық таблицада келтірілген.

Биологиялық ғылымның әртүрлі салаларынан алынған зерттеу нәтижелері бірін-бірі толықтыра түседі. Солар арқылы ежелгі эралар мен кезеңдерде органикалық дүниенің қандай болғанын, оның қазіргі кездегі түрлерге жеткенге денінгі қай бағыттарда дамуын қадағалай аламыз (қосарбетті қараңдар).

Ғылымтіршіліктің мұхитта 3,5 миллиард жылға жуық бұрын пайда болғанын дәлелдеп берді. Организмдер құрлыққа шамамен 2-2,5 миллиард бұрын шыққан. Бұған өсімдіктерде маңызды ароморфоз - мүшелер мен тканьдердің тұзілуі себепкер болады (Геохроникалық таблицадан өсімдіктердің құрлыққа шығу мерзімін тауып, олардың аттарын атаңдар).

Өсімдіктердің құрлықта тіршілік ету жағдайларында өсімдік әлемінің одан әрі дамуы тағы бір ірі ароморфозға - спорамен көбеюдің ауысуына байланысты болды (Таблицадан эра және кезеңді, сондай-ақ тұқыммен көбеюге көшкен өсімдік аттарын табыңдар). Жалаңаш тұқымды өсімдіктер перм кезеңіндегі палеозой эрасының соңында едәуір дамыды. Жаңа ароморфоздар нәтижесінде жалаңаштұқымдыларды жабықтұқымды өсімдіктер алмастырды. («Өсімдік» тарауынан жалаңаштұқымды және жабықтұкымды өсімдіктер арасындағы негізгі айырмашылыктардың неге жеткізгенін естеріңе түсіріп, жабықтұқымдылардағы негізгі ароморфоздарды атаңдар).

Құрлықтағы тіршілікке байланысты жануарлар эволюциясында да сансыз ароморфоздар туындады. Мәселен, іштей ұрықтану және жұмыртқада ұрықтың дамуы ірі ароморфоз.

Құрлықтағы омыртқалылардан құстар мен сүтқоректілер басым болды. Дене температурасының тұрақты болуы нәтижесінде олар мұздану кезеңінде тірі қалып, климаты суық елдерге таралды. Олардың ойдағыдай дамуына ароморфоздар мен идиоадаптациялар септігін тигізді, солардың нәтижесінде сүтқоректілер - құрлықта, құстар - әуеде өмір сүретін болады.

Мидың қайта түлеп, үлкен ми сыңарлар қыртысының күшті дамуы - омыртқалылар эволюциясындағы маңызды ароморфоздар. Осының барлығы нерв қызметі деңгейін арттырып, жануарлардың шартты рефлекстер жүйесін және мінез-қылық формаларын күрделендіре түсті. Ароморфтық эволюция жануарлар ата тегінен адамның пайда болуына жол ашты.

Жануарлар әлемі антропоген кезеңінде қазіргі кейіпке келді.

 

Геохронологиялық таблица*

Эралар

 

Кезеңдер және олардың ұзактығы (млн. жыл)

Жануарлар және өсімдіктер әлемі

аты және ұзақтығы (млн. жыл)

жасы (млн. жыл)

Қайнозой (жаңа тіршілік), 67

67

Антропоген, 1,5

Адамның пайда болуы және дамуы. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі қазіргі кейіпке келді

Неоген, 23,5

Сүтқоректілер, құстар басым болды

Палеоген, 42

Құйрықты лемурлар, ұзынөкшелілер, кейінірек парапитектер, дриопитектердің, пайда болуы. Бунақденелілердің қаулап өркендеуі. Ірі жорғалаушылардың өліп бітуі жалғаса берді. Басаяқты былқылдақденелілердің көптеген түрлері жойылып кетті. Жабықтұқымды өсімдіктер басым болды

Мезозой (ортаңғы тіршілік), 163

230

Бор, 70

Тісті құстар таралғанмен де, жоғары сатылы сүтқоректілер және нағыз құстар пайда болды. Сүйекті балықтар басым болды. Папоротниктер мен жалаңаштұқымдылардың азаюы. Жабықтұқымдылардың пайда болып, таралуы.

Юра, 58

Жорғалаушылар басым болды. Археоптерикстың пайда болуы. Басаяқты был- қылдақденелілердің өркендеуі. Жалаңаштұқымдылар басым болды.

Триас, 35

Жорғалаушылардың өркендей бастауы. Алғашқы сүтқоректілердің, иағыз сүйекті балыктардың пайда болуы

Палеозой (ежелгі тіршілік), 340

570, болуы да мүмкін

Пермь, 55

Жорғалаушылардың тез дамуы. Аңтісті жоргалаушылардың пайда болуы. Трилобиттердің өліп бітуі. Тас көмір ормандарының жойылып кетуі. Жалаңаш- тұқымдылар флорасының молдығы.

Тас көмір, 75-65

Қосмекенділердің өркедеуі. Алғашқы жорғалаушылардың пайда болуы. Бунақденелілердің, өрмекшілердің, құршаяндардың ұшатын формаларының пайда болуы

Трилобиттердің едәуір азаюы. Папоротник тәрізділердің өркендеуі. Тұқымды папоротниктердің пайда болуы

Девон, 60

Сауыттылардың өркендеуі. Саусаққанат балықтардың пайда болуы. Стегоцефалдардың пайда болуы. Жоғары сатылы споралы өсімдіктердің құрлыққа таралуы

Силур, 30

Маржандардың, трилобиттердің қаулап дамуы. Жақсүйексіз омыртқалылардың - сауыттылардың пайда болуы. Өсімдіктердің - псилофиттердің құрлыққа шығуы. Балдырлардың кең таралуы.

Ордовик, 60

Кембрий, 70

Теңіз омыртқасыздары өркендей түсті. Трилобиттердің, балдырлардың кең таралуы

Протерозой (ертеректегі тіршілік), 2000-нан астам

2700

 

Органикалық қалдықтар сирек те саны аз болғанымен, омыртқасыздардың барлық типтеріне катысты болып келеді. Алғашқы хордалылардың - бассүйексіздер тип тармағының пайда болуы.

Архей (Жер қыртысы тарихындағы ежелгі).

1000 таяу.

Бәлкім, 3500 болуы мүмкін

 

Тіршілік сілемі айтарлықтай емес.

 

* Геологиялық эралар мен кезеңдер таблицада жер қыртыстарының орналасуына қарай көрсетілген: кейініректегі жабаттар - алдымен, ежелгі қабаттар - соңында берілді. Сондықтан таблицаны оқығаида төменгі - архей эрасынан

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-03 14:42:51     Қаралды-1279

ТАБАН

...

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ЖАҢҒАҚТАР

...

Балды жақсылап ерітіп, қантпен, ұнмен, содамен, маймен және ұнтақталған жаңғақтармен араластырып, қатты қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЛАҢҚАТ

...

Жалаңқат - бір қабат қалың металдан тұтас етіп соғылатын сауыт. Кеуделік және арқалық бөліктен тұрады. Пішіні жеңсіз кеудеше тәріздес, белден сәл ғана түсіп тұратын қысқа болады. Бұл екі бөлік бір бүйірінен топсалар арқылы, екінші бүйірінен және иықтары т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОС АЛУА

...

Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ

...

Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?

...

Балықтар табиғаты бойынша алыстан көрмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »