ҚОС АЛУА
Категориясы: Тағам
Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.
Шырынды ашық отқа қойып қайнатқанда ондағы шикізат мөлшері рецептен аспауы керек.
Грек жаңғағы қос алуа үшін ерекше шикізат болып табылады. Сондықтан ол ешқандай жаңғақтармен алмастыруға келмейді.
Шырын қайнату үшін сыйымдылығы шағын мыс қазанға қант салынып, аздап су құйылады. Ол қайнағанша қыздырылады да, сірне қосылып, карамель массасындай болғанша немесе шырынның ылғалдылығы 2 процентке жеткенше 33-40 минут бойы қайнатылады.
Шырынды ашық отқа қойып қайнатқанда оның ақырғы температурасы 135-145 градусқа дейін жетеді. Дайын шырын оттан алынып, оның үштен бірі құйылып алынады да 80-90 градусқа дейін салқындатылады.
Белокты шырын бір мезгілде әрі қайнатып, әрі шайқайтын машинамен, егер ол жоқ болса, қолмен шағын ыдысқа салынып, қалақпен көбік түзілгенше шайқалады.
Қос алуа массасы былай әзірленеді. Көпіршітілген белокқа салқындатылған шырынның үштен бірі жіңішкелеп құйылады. Бұл кезде белок шайқау тоқтатылмайды. Оны солай шайқай отырып, шырынның қалғаны құйылады да 8-10 минут бойы тағы да шайқалады.
Шайқап болғаннан кейін массаға грек жаңғағының тұтас дәндері қосылады да бәрі мұқият араластырылып, дайын масса алдын ала маймен майланып қойылған қаңылтыр қораптарға әрқайсысының салмағы 5-6 килограмм болатындай етіліп құйылады.
Дайын тағамның беті грек жаңғағының сынбаған жарты дәндерімен әсемделеді. Одан әрі салқындатылғаннан кейін тағам қатайып, сынатын дәрежеге дейін жетеді.
Қорапқа салынған қос алуа әбден салқындап қатайып болған соң қораптардың қақпақтары жабылып, ішіне ауа кірмейтіндей етіліп қағазбен желімдеп тасталады.
Бір килограмм қос алуа жасауға 537,8 грамм қант, 322,3 сірне, 59,2 белок, 215,1 грек жаңғағы, 5,8 сарымай, 0,27 ванилин жұмсалады.
Бұл тағамның қоюлығы біркелкі, арасына грек жаңғағының дәндері салынған, түсі ақ, ылғалдылығы 4-5 процент болу керек.
Қос алуа температурасы 16-20 градус, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 60-75 процент бөлмеде сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда әбден бабына келген қос алуа 10-15 тәулік жақсы сақталады. Температурасы төмен, ылғал жерде сақтағанда ол дымқыл тартып, жабысқақ болады, сөйтіп сапасына едәуір нұқсан келеді.
Жарияланған-2016-02-29 13:52:08 Қаралды-2053
ШЕТЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Раушан гүлділердің алма тұқымдас тармағына жататын өсімдік. Жемісі адам организмі үшін өте пайдалы. Оны «витаминдер шығатын бұлақ» десек қателеспейміз.
НЕЛІКТЕН ЖАТТЫҒУЛАРДАН КЕЙІН БҰЛШЫҚЕТТЕР АУЫРАДЫ?
Ауыр физикалық күш салудан кейін бұлшықет ауыруы бәріне жақсы таныс...
АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ
Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973 жылы Тарих, археология және этнография институтының жанынан ашылған.
СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Тәуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, әсіресе, Алматы және Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі-ірі әкімшілік ғимараттары мен тұргын үй кешендері, көптеген жаңа ескерткіштер пайда болды.
ӨНДІРІСТЕ ҚАҒАЗДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Бүгінгі күнде қағаз да барлық істе адамдарға машиналар көмектесетін алып комбинатта даярланады.
ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?
Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.