UF

Тақырыбы. Аэродисперстік жүйелер. Атмосфераға түсетін зиянды газдар.

 

  1. Шаңдар, атмосферада таралуы, аэродисперстік жүйелері
  2. Атмосфераға түсетін зиянды газдар
  3. Концентрация жіберілу шегі.

 

Ең кеңінен таралған атмосфералық ластаушылар – күкіртті газ (SO2), азот тотықтары (N2O; NO; NO2), көміртегі тотығы (күйікті газ - СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол (С6Н5ОН), күкіртсутегі (Н2S), аммиак (NH3), бенз(а)пирен, шаң. Кейбір жағдайларда азот тотықтарынан және көмірсутектерден күн жарығының әсерінен жаңа қосылыстар түзілуі мүмкін (фотооксиданттар) – озон, азот қышқылы және т.б. адам тыныс алу жолдарында және т.б. зақымдайтын заттрар. Тұтас алғанда атмосфераның ластануы адам ағзасына өте зиянды әсер етеді. Алып қарайтын болсақ, тек отынды жағу нәтижесінде орын алатын ластанудан жыл сайын әлемде 2,7 млн адам өледі, олардың ішінде 2 млн адам – дамыған елдерде.

Атмосфераның ластаушы негізгі кінәлілер – көлік көп қалалар және өнеркәсіпті қалалар. Егер мұхит үстіндегі ауаның ластануын бірлікке тең деп алатын болсақ, онда ауылдар үстінде ол 10 есе жоғары, ал үлкен емес қалаларда – 35 есе, ал үлкен қалалар үстінде және өнеркәсіптік объектілер үстінде – 150 есе жоғары. Ластанған ауаның қабатының қалыңдығы қалалар үстінде 1,5-2 км құрайды.

Атмосфераның ластануының салдары болып өнеркәсіптік кәсіпорындар және қалалар үстінде газ тәрізді қалдықтардан, бірінші кезекте күкірт қос тотығынан құралған қою қара бұлт – тұманы қалыптасуы есептеледі. қысқы тұман (Лондондық тип) және жазғы қара тұман (Лос – Анжелес типті) болып бөлінеді. Қысқы тұманның түзілуі үшін сілтеме белгілер болып желсіз тыныш күйдегі климат есептеледі, ол көлік түтінді газдарының және биік емес құбырлардан шыққан түтіндердің шығарылымдарынан құралады. Жазғы тұман (оны сонымен қатар фотохимиялық деп те атайды) азот және көмірсутектер тотықтарынан пайда болады, сол аталған тотықтарға күн сәулесі интенсивті әсер еткен жағдайда фотооксиданттар, көпшілік жағдайда озонанттар түзіледі. Лондонда 1952 жылы түзілген осындай ластаушы заттар тұманы 4000 адамның өліміне алып келді, және 1956 жылы болса онда көп адам өліміне алып келген.

Ресей Федерациясындағы атмосфераның ластануының негізгі себебі болып (көлікті есепке алмағандағы стационарлы көздерден шығатын зиянды шығарымдардың көлемі бойынша) қазіргі уақытта энергетика кәсіпорындары (өнеркәсіптің жалпы шығарылымының 25 % мөлшерін құрайды), түсті металлургия (23%) және қара металлургия (16 %), мұнай өндіруші өнеркәсіп (11 %) есептеледі. атмосфераның ластануы үшін ең жоғары үлес қосып отырған көмір және мазутпен жұмыс  істейтін жылулық электростанциялар. Сонымен қатар атмосфераның мұнай өңдейтін кәсіпорындар және автокөліктер, оған қосу қазандық және үй пештері, яғни көмір жағатын орындар. Тұтас алғанда Ресей Федереациясында 1996 – 2000 жылдар аралығында ауаға шығарылатын стационарлы көздер шығарылымдары 20 724,12 ден 18 819,82 мың тоннаға азайды.

Атмосфераның ластаудағы бөлінетін шығарылымдардың деңгейінің осыншалық жоғарылығына қарамастан Ресей планетамыздағы ең басты ластаушы болып саналмайды (кесте 2.2).

 

Кесте 1.5 - Планетамыздағы ең басты бес ластаушы мемлекет пен Ресей Федерациясынан атмосфераға бөлінетін шығарылымдар, млн.тонна

 

Ластаушы

Бүкіл әлем

Ресей Федерациясы

Стационарлы көздер

Көлік

Стационарлы көздер

Көлік

Қатты бөлшектер

57

80

6,4

3,7

Көміртегі  тотықтары

177

200

7,6

10,1

Күкірт қос тотығы

99

0,7

9,2

-

Азот тотықтары

68

20

3,0

1,1

Көмірсулар

4

50

0,2

2,0

 

 Атмосфераның ластануының ең қауіпті салдары болып парникті эффектінің күшеюі, озонды қабаттың бұзылуы, қышқылды жаңбырлар есептеледі.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-09 15:20:44     Қаралды-2763

МАХМҰД ӘЛ-ҚАШҚАРИ

...

Махмұд әл-Қашқари - бірнеше түркі тілдерін жақсы меңгерген әйгілі түрік саяхатшысы. Ол Ыстықкөлдін оңтүстік жағалауында орналасқан Барсхан қаласында дүниеге келген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРІН КҮТІМІ

...

Кісінің тұла бойындағы ең бір нәзік мүшесі - ерін.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛТЫБАҚАН

...

Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОҢҒАЛАҚ ҚЫЗЫҚТЫ ДОМАЛАҚ

...

ДОҢҒАЛАҚ араласпайтын шаруа жоқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ

...

Көне түркі жазулары ішінде көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкен ескерткіш Түрік қағандығының атақты ханы Білге қағанға арналған. Арам ойлы жақын адамдары зұлымдык жасап, оны у беріп өлтірген. Қағанның құрметіне 735 жылы Орхон өзенінің жанына Кіші-Цайдам де

ТОЛЫҒЫРАҚ »