АЛТЫБАҚАН
Категориясы: Көңіл көтеру
Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады. Оны орнату үшін, атауына сай, алты бақан (сырық), бір керме және үш арқан керек. Бақандардың басын үш-үштен буып, аралығы 7-8 қадамдай жерге қадап орнатады. Олардың жоғарғы жағындағы ашаларға бақандардың басын біріктіріп тұратын келесі бір керме енгізіп, мықтап байлайды. Кермеге ұзынырақ бір, қысқалау екі арқанды бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқты тіреуге, қысқасы отыруға ыңғайланған. Жазғы күнгі айлы түнде қыз бен жігіт арқанға аяқтарын тіреп, бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, басқалардың демеуімен тербетілген. Ойын көпшілікке арналған. Қыздар мен бозбалалар жұптасып, алма-кезек ауысып отырған. Тербелушілер ән бастағанда, тамашалаушылар да қосылып. думандатқан.
Алтыбақан бірін-бірі ұнатқан жастардың көңілдерін білдіруге себеп болған. Соңғы кездері үш арқанның орнына, ұзындығы бірдей екі арқан жэне жеңіл тақтай қолданылып жүр.
Жарияланған-2015-11-17 16:49:55 Қаралды-11976
БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ
Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
СӘНДІ БҰЙЫМДАР ЖАСАУ ӨНЕРІ
Үй-ішілік тұрмыста күніне қанша бұйым қолымыздан өтеді десеңші. Егер соның бәрі суретшінің қолынан шықса, дереу өнер туындысына айналар еді.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?
Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған
КЕСУ ҚАРУЫ
Кесу қаруының ертеде қолданылған екі жүзді, түзу келген түрі - «семсер». Ал сыртына қарай иіліп, кайқы келген бір жүзді кару «кылыш» деп аталады. Қылыштың өте қайқы болып келетін «наркескен», ұшы екіге айырылатын «зұлпықар», шапқанда ауыр болу үшін басы ү