АРАБ ЖАЗУЬІ - дүние жүзіне латын жазуыная кейін ең көп тараған жазу. Б. з. 4 ғасырдың шамасында Арабияда арамей жазуы негізінде жасалып, 7-8 ғасырларда араб жорықтары нәтижесінде мұсылман дінімен бірге көп елге жайылған. Араб жазуы оңнан солға қарай жазылады. Араб алфавитінде 28 әріп бар. Олардың әрқайсысы сөздің басында, ортасында, аяғында немесе жеке келуіне байланысты (алиф, даль, заль, ра, за, уау-дан басқалары) 4 түрлі жазылады. Араб жазуында дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін әріптер бар. Дауысты дыбыстар сол әріптердің астына, үстіне әр түрлі диакритик белгілер қою арқылы беріледі (диакритик белгілер Құранда, сөздікте, өлеңде, әліппеде міндетті түрде қойылады). Тек қана үш өріп (алиф, уау, йа) дауысты дыбыстардың орнына қолданылады. Әрбір өріп белгілі бір санды да білдіреді. Арабтар ислам дінін қабылдағаннан кейін (б. з. 7 ғ.) Араб жазуының негізгі 2 түрі (куфи, насхи) пайда болды. Куфи (Евфрат бойындағы Куфа қаласының атынан шыққан) - әшекейлі жазу, әуелде Құран үшін міндетті деп саналған. Мемлекеттік мәні бар жазбалар дакуфимен жазылған. Насхи (нәсхи) көбінесе әдеби және ғылыми текстерді папирус т. б. жұмсақ материалдарға жазу үшін пайдаланылған. Араб жазуы барлық араб елдерінде, Иран, Ауғанстан, Пакистан, Қытай (Шыңжаң), Малайя, Индонезияда және Африкадағы кейбір мемлекеттерде қолданылады. Латын алфавитіне көшкенге дейін СССР-дегі қазақ, азербайжан, өзбек, түрікмен, тәжік, татар, башқұрт т. б. халықтар да Араб жазуын пайдаланған. Дүние жүзіндегі халықтың 10%-тейі Араб жазуы қолданады.
Араб алфавиті
Әдеб.: ЮшмановН. В. Строй арабского языка.-Л., 1938; Ковалев А. А.,Шарбатов Г. Ш. Учебник арабского языка. 2 изд., 1960; Крачковский И. Ю. Над арабскими рукописями. 4 изд., М., 1965; Халидов Б. З., Учебник арабского языка.-Таш., 1965.
Жарияланған-2021-07-02 15:02:40 Қаралды-2639
МИ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Мидың ең маңызды бөліктерінің бірі және оның ең жетілген бөлігі – үлкен жарты шарлар қабығы.
СУЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Әртүрлі агрегаттық күйдегі су бізді барлық жерде қоршап алады, тіпті біз оны әрдайым байқамаймыз.
СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН
Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.
МИНИАТЮРА ҚАЙ КЕЗДЕ КЕЗДЕСЕДІ?
Ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі. Ондай суреттерді миниатюра деп атайды.
КӨКБҰТА
Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.
АЙВАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Айва жемісінің құрамында қант, алма, лимон қышқылдары, пектин, илік заттары және С витамині болатын ағаш. Шикілей жеуге жағымсыз, себебі жемісінде илік заты көп, тілді қуырып, ауызды құрғатады.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану