UF

МИ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Категориясы: Өсімдікті


Ми – өзінің құрылымы жағынан ғана емес (10-15 миллиард нерв клеткасы бар), сонымен бірге ол өзінде өтіп жататын физиологиялық процестердің сипатына қарай да өте күрделі зат. Адам миының салмағы жалпы дене салмағының 2,17 процентіне, ал барлық бұлшық еттер дененің 30-40 процентіне тең.

Ми бірнеше бөліктен тұрады. Әр бөлік белгілі бір тек өзіне ғана тән қызметті атқарады. Оларда барлық органдардан сигналдар немесе әдетте айтылатындай, импульстерді қабылдайтын және сол органдарға жауап сигналдар жіберетін ядролар мен орталықтар (центрлер) болады. Мида тыныс алуды, қан айналысын, аяқ-қолдың қозғалысын, ас қорытуды реттейтін, иіс сезетін, дыбысты ажырататын, көру орталықтары бар. Мида сезімді басқаратын, тамырдағы қан қысымын, тердің бөлінуін реттейтін ядролар орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, адам қызметінің бірде-бір формасы мидың басқаруынсыз атқарылмайды.

Мидың ең маңызды бөліктерінің бірі және оның ең жетілген бөлігі – үлкен жарты шарлар қабығы. Ол адамның бүкіл нерв-психикалық қызметінің орталығы болып табылады. Барлық нерв клеткаларының жартысынан көбі мидың үлкен жарты шарларында орналасқан. Ми қабығының жалпы көлемі 1670 шаршы сантиметрдей.

Жануар өзінің биологиялық дамуы жағынан жоғары болған сайын, оның үлкен жарты шарлар қабығы да жақсы дамып жетіледі. Мысалы, итпен салыстырғанда маймылдың жарты шарлар қабығы дамыған, ал иттікі жылқының немесе үй қоянының жарты шарлар қабығынан жақсы жетілген. Балық пен құрбақада үлкен жарты шарлар қабығы мүлде жоқ.

Ми қабығының астында табиғаты жағынан оның көне бөлігі болып табылатын ми қыртысы орналасқан. Организмнің барлық вегетативтік функциясы – тамырлардағы қан қысымын реттеу, дененің температурасы мен организмдегі алмасу процесстерін бір қалыпта ұстау осы араға жинақталған.

Мидың бұл бөлігі организмнің әр учаскесіндегі ауыруды аса күшті қабылдайды, ішкі органдарының жұмысын басқарады. Басқаша айтқанда, мидың қыртыс бөлігі санаға бағынбайды, автоматты түрде қызмет етеді. Ми қабығы жоқ жануарларда, қыртыс мидың жоғары бөлігі болып табылады. Адам ми қыртысы құрылымының қызметі ми қыртысының жұмысын бақылап, оны қажетті арнаға салып отыратын жоғарыда жатқан үлкен жарты шарлар қабығының қызметімен тығыз байланысты болады.

  Жарияланған-2016-07-18 21:03:50     Қаралды-8606

Мәлімет сізге көмек берді ма

СУРЕТШІ ИЛЛЮСТРАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

...

Біз суретті кітапты ашып қарағанымызда, басқа бір әлемге тап болғандай әсер аламыз. Әлгі суреттерде өлі кейіпкерлер тіріліп, кітапта айтылатын оқиға өткен ел мен жер қаз-қалпында сайрап көз алдымызда тұра қалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШ ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Шексіз кеңістік кейде тіпті қорқынышты болса да, зерттелмеген және әдемі құбылыс.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА АДАМНЫҢ ЖАСЫН ЖАСАРТАДЫ!

...

Соңғы жылдары Улыбританияның Норрич қаласындағы Тағам зерттеу институтының ғалымдары алманы тұрақты турде жеп жүру адам ағзасын жасартып өмірін ұзартатыны туралы өз жаңалықтарын жариялады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

...

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

...

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »