UF

АЙВАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


 

Айва жемісінің құрамында қант, алма, лимон қышқылдары, пектин, илік заттары және С витамині болатын ағаш. Шикілей жеуге жағымсыз, себебі жемісінде илік заты көп, тілді қуырып, ауызды құрғатады.

Жемісінің қабығында, жұмсақ етінде хош иісті заты бар. Сондықтан қабығын тастамай, тосап, компотқа пайдалану керек.

Айвадан компот жасау. Піскен ірі жемістерді таңдап алып, суық сумен жуып, бірнеше бөлікке бөледі де, ортасындағы өзегін және қабығын бөлек кесіп алады. Бәрін кастрюльге салады да, үстіне батып тұратындай етіп су құйып, жұмсағанша қайнатады. Жұмсағаннан кейін езілмей тұрып сүзіп алады. Қабығымен, ортасындағы кесіндісін езілгенше қайнатады.

Сонан соң оны сүзіп, сұйықтығын бөліп алып, үстіне қант қосып көбігін біткенше қайнату керек. Алынған сиропқа алғашқыда сүзіп алған жеміс етінің бөлектерін салып, әбден жұмсағанша қайнатып, эмальды ыдыста екі күн сақтайды. Екі күннен кейін сиропқа бөліп алып, 3-4 минут қайнатып, отын сөндіріп суытады да, қайтадан 3-4 рет қайнатады. Сөйтіп бірнеше рет суытып, қайта қайнатады. Жемісті сүзіп алып, банкаларға салып, үстіне дайын болған сиропты құяды. Аузын әзірлеп қойған қақпақтармен жауып, салқын, құрғақ жерде сақтайды. 1 кг жеміске 500 г қант салу керек.

Айвадан желе жасау. Айва жемісін жуып, сабағынан тазалап, өте ұсақ етіп кеседі де, сонан соң 1 кг жеміс кесіндісіне 1 стакан су құйып, жұмсағанша қайнатады. Жұмсағайнан кейін екі қабат дәке арқылы сүзеді. Немесе капрон дорбашыққа салып, іліп қойып сүзеді. Сүзіліп шыққан сұйықтықты қант салып қайнатады. Жемісінің дайын болғанын білу үшін, қайнап жатқанда бір тамшысын алып, суық суға тамызады. Егер тамшы домалақтанып қалса, оның дайын болғаны. Ыссы желені банкаларға құйып, құрғақ қақпақпен жабады. 1 кг айва шырынына 500 г қант салынады.

Айваны кептіру. Айва жемісін жуып, жұқалап кесу керек. Ұрылған, зақымдалған жерін алып тастап, жіңішке жіпке өткізіп: жел қағатын көлеңкеге кептіреді. Ұсақ айваларды, әсіресе жабайы айваларды бүтіндей үй төбесіне жайып, немесе пешке, духовкаға кептіреді. Кептірілген айваны компот, квас жасауға пайдаланады. Кепкен айвадан квас жасау үшін суық суға жуып алып, үстіне қайнаған суды құйып, бетін жауып, бір күн қоямыз. Бір күннен кейін сүзіп алып, тағы қайнап жатқан су құйып бір күн қоямыз. Ол шөл қандыратын орі дәмді, әрі нәрлі сусынның бірі болып саналады.

  Жарияланған-2016-04-07 16:59:47     Қаралды-4942

Мәлімет сізге көмек берді ма

Жапон көпірі

...

Көпірлер әртүрлі болады: төмен, биік, ұзын, қысқа, ажырайтын, аспалы. Бірақ, Жапонияда орналасқан Ешима Охаши көпіріне қарап, шын мәнісінде осындай нәрсенің бар екендігіне сену өте қиын және оны тұрғындар белсенді түрде қолдануда.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?

...

Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫБРИТАНИЯДА НЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ?

...

Ұлыбританияда көптеген тыйымдар бар, кейде ең оғаш және күлкілі, ұзақ тарихы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ЛУКУМ

...

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

...

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »