UF

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

Категориясы: Көңіл көтеру


 

Самауырдың, сондай-ақ шай қайнатып жүрген шайнектің ішіне біраз ұсталғаннан кейін (егер күнделікті ысқылап жуып жүрмесеңіз) судың қағы тұрып қалады. Егер уақытында тазалап түсіріп тастап тұрмасаңыз, самауырдың ішінде ол мүлдем қалыңдап кетеді. Ондай қақты түсіру үшін сілті немесе қышқыл қолданылады. Сілтілер алюминийден басқа металға зиянды әсер етпейді. Сондықтан самауырдың ішіне тұрған қақты түсіруге сілті қолданған тиімді. Сілтімен өңдегенде самауырдың қағы жұмсарып қалады. Содан кейін оны щеткамен түсіріп тастайсыз. Бұл үшін құрамында фосфор қышқыл тұздары бар «тринатр» және фосфор» ақ ұнтақтары алынады, кейде кір жуатын соданы да пайдалануға болады. Бір литр ыстық суға осы ақ ұнтақтың біреуін 20-40 г есебінен салып, самауырға құяды да, 1-2 сағаттай қайнатады. Бұдан соң жұмсарған қақты щеткамен сыпырып түсіреді де, самауырдың ішін таза сумен бірнеше қайтара жуып алады. Егер самауырдың қағы толык кете коймаса, оны осылайша 2-3 рет қайталап тазарту керек. Шайнектің ішін де осы әдіспен тазалайды.

Қышқылдардың ішінен көбінесе сірке эссенциясын немесе 8 проценттік сірке суын қолданады. Сірке эссенциясын алғанда оны 1 л суға 1-2 шай қасық есебінен құяды. Бұдан соң ол суды самауырға құйып, 1-1,5 сағат қайнатады да, одан кейін таза сумен мұқият жуып алады. Ал 8 проценттік сірке суын 1 л суға 3-5 ас қасық есебінен алады.

Жез шайнектің ішіне тұрған судың қағын кетіру ұшін каустикалық соданы (1 л суға 10 г есебінен) қолдануға болады.

  Жарияланған-2024-03-26 13:58:06     Қаралды-176

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШОКОЛАДТАЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ (қараөрік)

...

Қара алхоры жылы суға жақсылап жуылып, қант шырынына жібітіледі де, елекке салып суы сорғытылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ

...

ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ - эллипстік орбитасы тұңғыш рет есептеліп шығарылған және оның Күнге қайтып оралатын уақыты анықталған жарық комета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЖИНСЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің заманымызда танымал джинсы мүлдем кездейсоқ дүниеге келді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІЛЕ

...

Іле өзені бастауын Қытайдағы Текес және Күнгес өзендерінің қосылар жерінен алып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 2385 км. Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Жетісу аймағындағы ең ірі өзеннің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илә» деген сөзге жақын, яғн

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ КЕКСІ

...

Ұн еленіп, ысқыштан өткізілген грек жаңғағымен және жүзіммен араластырылады. Белок әбден көпіршігенше шайқалып, аз-аздан қант ұлпасы қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТЫҢ ТӘТТІ МАҢЫЗЫ (КРЕМ)

...

Қант суға ерітіліп, 20-30 минут бойы қою шырын пайда болғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »