ҚАЗАҚТЫҢ ТӘТТІ МАҢЫЗЫ (КРЕМ)
Категориясы: Тағам
Қант суға ерітіліп, 20-30 минут бойы қою шырын пайда болғанша қайнатылады.
Салқындаған белок эмаль ыдыста 10-15 минут бойы көпіршітіліп шайқалады, содан соң үстіне дайындалған ыстық шырын құйылады. Шырынды белокты аз-аздан араластыра отырып құю қажет.
Алынған масса әбден көпіршігенше араластырыла береді. Содан соң дайын масса қалтадан (шприцтен) аздап майланған табаларға тамызылады да 2 сағат бойы кептіріледі. Осы процеспен бір мезгілде маргарин ерітіліп, қайнатылады, шоколад та ерітіліп, үстіне маргарин қосылады. Сөйтіп масса жылы күйге жеткенше, яғни 50 градусқа дейін салқындатылады.
Кептірілген қуырманың үстіне шоколад пен маргарин құйылып, қуырылып ұсақталған жаңғақ дәні себіледі.
Мұны жасау үшін 3 жұмыртқа (белогы), 2,5 стакан құм шекер, 1 шай қасық желатин, 2,5 стакан су жұмсалады. Жылтырату үшін 0,5 стакан жаңғақ, 50 грамм шоколад және 1 ас қасық маргарин керек.
Жарияланған-2016-03-03 15:19:10 Қаралды-2437
БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ

Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді.
РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.
ДАУЬІЛ

Дауыл - стихиялық апаттардың қауіпті түрлерінің бірі, ол халық шаруашылығына орасан зор зиян келтіріп, кейде адамдар арасында құрбандықтар тудырады.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАЛИТРА

Әр суретші дүниені өзінше көріп, өзінше бейнелейді. Әрқайсысы әр түрлі бояу үйлесімін ұнатады.
СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.