UF

ШАШ КҮТІМІ

Категориясы: Көңіл көтеру


Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады. Орта есеппен тәулігіне адамның басыңан 30-120 тал шаш түседі де, олардың орнына жаңадан шаш шығады. Шаштың әрбір талы 2-4 жылдан аспай алмасып тұрады. Шаштың түсуі мен өсуі адамның нерв жүйесі мен ішер асына байланысты болады. Жалпы, адамның шашы күзде және көктемде көбірек түседі. Ал қаны аз, күйгелек адамдардың шашы осы кезеңдерде тіпті көп түседі.

Шашыңыз қалың болып, жақсы өссін десеңіз, басыңызды көп кірлетпей жуып тұрыңыз. Бірақ та басты тым жиі жуған да жақсы емес. Жиі жуылған шаш қурап, үзіліп түсе беретін болады. Сондықтан, басты 8-10 күнде бір рет жуған дұрыс. Шашты шампуньмен, егер ол болмаса, ақ сабынмен жылы суға жуған жақсы. Басыңызды ащы суға жусаңыз, сабын жақсы көпірмейді және шашыңыз ақ таңдақтанып, тарақты жүргізбей қалады. Мұндай ащы суды қайнатып алсаңыз немесе оған бір литріне жарты шайқасық есебінен спирт қоссаңыз, ол жұмсарып, шаш жууға жарамды болады.

Егер шашыңыз құрғақ болса, басыңызды сирек жуыңыз. Құрғақ шашты қымызбен немесе қаймағы алынбаған сүттен ұйтылған қатықпен жуған жақсы. Қымызды немесе қатықты шашыңызға шылқыта жағып алып, 5-10 минут отырасыз да, одан кейін жылы сумен екі қайтара жуасыз. Қымызбен немесе қатықпен жуған шаш жібектей жұмсақ больіп, жылтырап тұрады және шашқа қайызғақ түспейді.

Шаштың өзіне тән өңі мен жұмсақтығын сақтау үшін оған ара-тұра шашмай немесе кастор майын жағып тұрған жақсы. Ол майды шашқа тегіс жеткізіп, біркелкі жағу үшін тарақтың тісіне мақта қыстырып аласыз да, майды соған жағып, шашыңызды түбінен бастап сонымен тарайсыз, шашқа жағылған май тез ыдырайды. Сондықтан оны шашқа түнде жағып жатып, таңертең сүлгімен немесе дәкемен сүртіп тастау керек.

Шашыңыз майлы болса, басыңызды сілтісі көп кір сабынмен немесе сұйық сабынмен сабындап, ыстық суға жиірек жуыңыз. Бірақ, үнемі сілтілі сабынмен жуа берсеңіз, бастың құйқасы тітіркеніп қыши беретін болуы мүмкін. Сондықтан, басты бірде кір сабынмен, бірде ақ сабынмен жуған дұрыс. Шаш тарақты таза ұстаңыз. Семьядағы әр адамның өзінің тарағы болуы керек.

Шашты қырықса немесе ұстарамен алдырса, шаштың түсуі тоқтайды деген пікір ел арасына көп таралған. Бұл дұрыс емес. Қайта шашты тықырлап қырқа беру, әсіресе түсуіне себепкер болады. Жігіттерге шашты 4-5 аптада бір рет қырықтырудың өзі де жетеді.

Шашы ұзын әйелдер шашын мезгілімен жуып, мұқият тарап тұрғаны жөн. Шашты тым катты өрудің қажеті жоқ. Қатты өруден шаш үзіледі, ал бостау өрсеңіз шаш үзілмейді және бұрымыңыз толығырақ көрінеді.

Кейде адамның басын қайызғак басып кетеді. Қайызғақтың өзі де екі түрлі: майлы және құрғақ болады. Құрғақ қайызғақ бастың құйқасы мен шашқа қонып, ақ сіркеленіп тұрады. Ол шашты тараған кезде төгіліп түсіп жатады. Бірақ, онымен түсіп, таусылып та қалмайды. Ал майлы қайызғақ сарғылт түсті қабыршақ болады да, ол бастың құйқасына жабысып тұрады.

Шашқа қайызғақ түскен жағдайда оны әуелі селдір тісті, одан кейін жиі тісті тарақпен әр күні мұқият тарап тұрған жақсы. Құрғақ қайызғақты кетіру үшін басты жуардан бір күн бұрын 40 г кастор майы, 60 г вазелин майы және 4-5 г жермай қоспасымен майлау керек. Жуар алдында тісіне мақта қыстырылған тарақпен тарап, шаштың түбіндегі қайызғақтарды түсірген дұрыс. Сондай-ақ, басты майлы қатықпен немесе қымызбен жуған да қайызғақты кетіреді. Шашты майлы қайызғақ басқан жағдайда оны кетіру үшін басты жуар алдында бір стакан қайнаған суға бір шай қасық нан ашытқысын (содасын) ерітіп алып, соны мақтамен шаштың түбіне сүрту керек. Сондай-ак, басты қатықпен немесе қымызбен жуған да жақсы.

  Жарияланған-2024-03-26 13:32:37     Қаралды-169

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚОЛӨНЕРДЕ ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР

...

Шап-шағын кішкене қорапшаның жып жылтыр қақпағына алтындап өрнек салыныпты. Оның иесінің кім болғаны қазір белгісіз. Бұл бір кезде атақты Лукутин фабрикасынан шыққан темекі сауыт.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЙЕРКИХЕЛАХ

...

Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРҒАҚ ЖЕМІСТЕР МЕН ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН ДОМАЛАҚТАР

...

Тазартылып, қуырылған грек жаңғағы, жуылған жүзім (сүйегінен ажыратылған) және курага ет тартқыштың тар көзді пышағынан екі рет өткізіліп, мұқият араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАСАНДЫ СҮТ ӨЛГЕН АДАМНЫҢ ДЕНЕСІН ШІРІТПЕЙДІ

...

Өкінішке қарай, ауылда тұрып, сиыр ұстамасаң, осы күні дүкен сөрелерінен табиғи сүт сатып алу қиын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛАҒА АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ТАҒАМЫ

...

Әрбір атпал азамат баладан өседі. Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «Баланы - жастан» дейтіні де сондықтан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӘНДІ БҰЙЫМДАР ЖАСАУ ӨНЕРІ

...

Үй-ішілік тұрмыста күніне қанша бұйым қолымыздан өтеді десеңші. Егер соның бәрі суретшінің қолынан шықса, дереу өнер туындысына айналар еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »