БАС КИІМДЕРДІ ТАЗАЛАУ
Категориясы: Сән
Бас киімдерді әр түрлі әдіспен тазалауға болады. Мәселен, ер адамдардың фетр ши қалпағы кірлеп, кейбір жерлері май төгілгендей болып, жылтырап қалады. Ондай ши қалпақтың жалтырағанын кетіріп, бұрынғы қалпына келтіру үшін сол жылтырап тұрған жерін түрпі қағазбен аздап ысқылап жіберу керек немесе тұз сбуіп, қылы қатты щеткамен щеткелесе де болады. Мұны мүсәтір спиртіне теңбе-тең мөлшерде су қосып алып, сонымен тазалаған да жақсы. Ол үшін қалың мәутінің қиығын мүсәтір қосылған суға шылап алып, ши қалпақтың кір шалған жерін сонымен сүртіп тазалайды. Бұдан кейін оны құрғақ та таза шүберекпен сүртіп, кұрғақ щеткамен ысқылап тазалайды да, майыс- тырмай ғана бір нәрсеге іліп қойып кептіреді.
Ши қалпақтың айнала жиегі, әсіресе маңдай жағы адамның басының терлеуінен сортаңданып және майланып кетеді. Мұны мүсәтір спиртіне теңбе-тең мөлшерде денатурат қосып алып, сонымен сүртіп кетіруге болады.
Түбіттен және жүннен тоқылған беретті жуудың кажеті жоқ. Оны күйдірілген магнезияға қосып, қою паста жасап аласыз да, сонымен сүртіп тазалайсыз. Ал ақ түсті мехтан тігілген бас киімді жақсы сапалы крахмалмен тазалауға болады. Ол үшін кірлеген бас киімді крахмалмен бірнеше рет сүртесіз де, одан кейін әбден сілкіп, крахмалын түсіріп тастайсыз.
Ақ түсті сабаннан тоқылған ши қалпақты алдымен сабынды суға салып, щеткамен ысқылап жуады. Одан кейін ши қалпақтың ақ түсін қалпына келтіру үшін оған сутек асқын тотығының 4 проценттік ерітіндісін жағып, кептіреді де, жылы өтекпен басып қалпына келтіреді.
Жарияланған-2024-03-15 16:16:13 Қаралды-450
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА
Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді.
7 ТҮРЛІ БҰҚТЫРҒАН ЕТ ТАҒАМДАР
Ет ұсақтап туралады да табадағы қыздырылған майға салынып қуырылады.
АЛТЫБАҚАН
Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады.
СУРЕТШІ ИЛЛЮСТРАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?
Біз суретті кітапты ашып қарағанымызда, басқа бір әлемге тап болғандай әсер аламыз. Әлгі суреттерде өлі кейіпкерлер тіріліп, кітапта айтылатын оқиға өткен ел мен жер қаз-қалпында сайрап көз алдымызда тұра қалады.
ШЫҒЫС АЛУАСЫ
Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.
ЖУГЕРІ ҚУЫРМАСЫ
Жұмыртқа мен қантты 40-50 градусқа дейін қыздырып, шайқау керек. Оны шайқай отырып бөлме температурасына дейін салқындатады.