UF

АСКӨК

Категориясы: Өсімдікті


 

АСКӨК – УКРОП ОГОРОДНЬІЙ

Аскөк – биіктігі 1,5 метрге жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жұмыр. Жапырақтары жіп сияқты көптеген жіңішке белімдерге бөлініп тілімделген. Гүлдері майда, сары, өсімдіктің жоғарғы жағында қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады. Шілде-тамыз айларында гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.

Аскөк тұрғын үйлердің маңайында, бақшаларда, жолдардың жиегінде өсе береді. Көбінесе мәдени өсімдік ретінде қолдан егіп өсіреді. Дәрі үшін өсімдіктің жемісі мен жерге түскен бөлігін жинап алады. Құрамында эфир майлары, фенхон, анетол, флавоноидтар, майлар, аскорбин қышқылы, каротин, кверцетин, изоралентин, кемпферол бар. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің қан қысымын төмендететін, қан тамырларын кеңейтетін, ішектің жұмысын реттейтін, несеп айдайтын, қақырық түсіретін, өт айдайтын, жел шығаратын, іш жүргізетін қасиеттері бар. Аскөкті гипертоиияны, жүректің қыспа ауруын (стенокордия), тыныс жолдарының қабынуын емдеу үшін пайдаланады. Сонымен қатар бүйрекке, қуыққа тас байланғанда және бауыр ауруларын, атеросклерозды, шемен ауруын емдеу үшін қолданады. Аскөктен жасалған дәрілер бала емізетін әйелдердің сүтін көбейтеді.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Аскөктің майдаланған жемістерінің 1 шай қасығын қайнап тұрғаң 1 стакан суға салып жарты сағат тұндырады да, 2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Іш жүрмей қалғанда мынадай қоспалар жасап пайдаланса, дәрінің тиімділігі арта түседі. Аскөктің және арпа дәндерінің арқайсысынан 2 бөліктен алып майдалайды да, кептірілген алоэ жапырағының бір бөлігін қосып араластырады. Осы қоспаның 1 шай қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салып жарты сағат тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

Несеп жүрмей қалса мынадай қоспа жасайды: майдаланған аскөктің дәндерінің 2 ас қасығын, ырғайдың ұнтақталған тамырының 3 ас қасығын, жантықтың ұнтақталған шөбінің 1 қасығын, алоэның құрғатылып ұнтақталған жапырақтарының 1 қасығын алып араластырады. Осы қоспаның 1 қасығын қайнап турған суға салып жарты сағат тұндырады да, бір ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 14:33:10     Қаралды-6879

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Бүкіл күн жүйесіндегі ең үлкен, ең ауыр планета – Юпитер (Есекқырған) екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІСТЕРДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тіс пен қызыл иектің сау болуы үшін оларды тазалау жеткіліксіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСЫЛ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАРТУ

...

Кірлеген алтын бұйымдарды сабын суға малып, тіс жуатын щеткамен ептеп қана ысқылайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҺИР ХАН

...

Таһир (Тайыр) - Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, шамамен 1531-1533 жылдар аралығында дүниеден өткен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТТЕН ЖАСАЛҒАН СІЛІКПЕ

...

Қантқа қосып араластырылған жұмыртқаның сары уызы қайнатылған жылы сүтпен бірте-бірте ерітіліп, ыстың суға қойылады да, ұдайы араластырыла отырып, аздап қоюландырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЖЕЛГІ ОТЫРАР

...

Есте жоқ ерте заманнан бастап, Сыр бойында қыстап, көктем шыға малын Сарыарқаға, Оңтүстік Сібірге қарай, кузге таман - қайтадан Сырға қарай айдап-бағып күнелтуді дәстүрге айналдырған дала тайпалары өзара тікелей қарым-қатынаста болып келгендіктен, бірте-б

ТОЛЫҒЫРАҚ »