АСЫЛ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАРТУ
Категориясы: Сән
Кірлеген алтын бұйымдарды сабын суға малып, тіс жуатын щеткамен ептеп қана ысқылайды. Ал алтын тізбекті (цепочка) сабынды су құйылған шөлмекке салып шайқап жуады. Сақина тасының айналасына кір көбірек жиналады. Сіріңке ұшына оралған мақтаны әтір, глицеринге шылап алып сүртеді. Сосын шүберекпен сақинаны ысқылайды.
★ ★ ★
Мыс пен жезден жасалған бұйымдарды жалтырату үшін 50 г 10% мүсәтір спирті, 15 г салқын сулардан жасалған қоспамен пайдаланады. Қоспаға фланель қиындысын батырып, бұйымды сүртеді.
★ ★ ★
Қарайған күміс затты қайнатылған картоп суына 10 минут салса, өзінің жарқыраған қалпына келеді.
Күміс бұйымдар көгермеу үшін оларды жуып-шайып тазартқан соң, ауа енгізбейтін полиэтилен немесе фольгаға орап ұстайды. Күмісті резинаға жақындатуға болмайды. Бірден ақ-қара дақтар қаптап кетеді.
★ ★ ★
Пластмасса білезік, моншақ, сырға, сақиналарды кәдімгі суға ғана шаяды. Сабын, кіржуғыш ұнтақ қоспайды. Кірі кетпесе, моншақтардың тізбегін ағытады.
★ ★ ★
Дүр (янтарь), піл сүйегі бұйымдарын сабынды жылы сумен жуады. Егер піл сүйегі бұйымдары сарғайып, дақтанып кетсе, хлорлы суға 10 минут салып, шүберекпен ақырын сүртіп құрғатады.
★ ★ ★
Інжу (жемчуг) тағылмаса, өзінің табиғи жалтырын жоғалтады. Інжу сақталатын қобдишаға күріштің бірнеше дәнін салып қойса, өзінің әсем нұр сәулесін ұзақ сақтайды.
★ ★ ★
Металдан жасалған затты құрғақ мыжылған газетпен сүртсе, жарқырай түседі.
Жарияланған-2024-03-02 12:52:21 Қаралды-503
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ҚАРЫНДАШ
Тас дәуірінің адамы үңгірдің ортасында жанып жатқан оттың шет жағында сөнген шала көмірді ала сап, тас қабырғаны алғаш рет сызып көрген күнді қарындаштың жарыққа келген күні деп есептеуге әбден болады.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Жұмыртқаның сары уызы, қант және бал қосылып езіледі. Май немесе қаймақ, үгілген сүзбе қосылып тағы да езілгеннен кейін формаға аударылып, суытылады.
ӘЛЕМДЕ ЕҢ ІРІ МОТОЦИКЛ ӨНДІРУШІЛЕР
Әлемде жақсы және әртүрлі мотоциклдер көп, бірақ олардың көпшілігі Жапонияда жасалған.
БАРЕЛЬЕФ
МҮСІН өнерінің бір түрін рельеф деп атайды. Оған бір тегіс аядан бөліне шығып тұратын бедерлі мүсіндер жатады. Рельефтің екі түрі болады.
СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Тәуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, әсіресе, Алматы және Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі-ірі әкімшілік ғимараттары мен тұргын үй кешендері, көптеген жаңа ескерткіштер пайда болды.