UF

ҚУЫРДАҚТЫҢ ТҮРЛІ ТАҒАМДАРЫ

Категориясы: Тағам


Қуырдақ - көбінесе ірі қараның ұсақтап туралған сан, қол етінен, қойдың мойын етінен, түйенің сан етінен, өкпе-бауыр, ішек-қарыннан қуырылады. Оның басқа тағамнан ерекшелігі - тез әзірленетіндігі.

Ішек-қарын, өкпе-бауыр қуырдағын мал сойысымен өкпесін, бауырын, ащы ішегін, тоқ ішегін, карнын, бауыр ет пен мойын етін және сан, қол, белдемелерінен түсетін қиқым еттер мен шажырқай, шарбы майларын, ішек-қарнын, өкпе-бауырын қосып турап қуырады.

Соғым қуырдағы - соғым сойысқан кісілерге сол күні қуырып беретін мол қуырдақ. Бұған да мойын ет, көкбауыр (талақ), өкпе-бауыр, ішек-қарын, ішмай, қабырғаның омыртқадан ажырасатын тұсындағы басынан түскен кесінді ет пен сан, қол еттері қосылады. Бұл қуырдақтың басқа қуырдақтан өзгешелігі жас ет әуелі суға қайнатылып пысытылған соң ғана туралады. Туралған ет тұз салынған өз сорпасына қайта қайнатылады. Бір қайнаған соң оған бөлек шыжғырылып алынған май құйылады, пияз, бұрыш салынады. Қуырдақ қуырушының қалауына қарай шыжғырылған майдың шыжығы да қосылады. Содан соң қазанның қақпағы жабылады. Ол шыртылдай бастағанда-ақ түсіріп ала беруге болады. Бұл қуырдақтың тұздығының майы мен сорпасы бірдей, кейде майы көбірек етіп дайындалады.

Май қуырдақ - ірі қараның туралған майлы етін суға бір қайнатып алып, үстіне мол етіп май құйған қуырдақ.

Сан еттің қуырдағы - ірі қараның аязбен қатып қалған қол-санынан балтамен қырнай шауып алған еттен қуырылады.

Жошы қуырдақ - майлы етке ұн сеуіп қуырылады.

Сүр қуырдақ - сүр етті ұсақтап турап суға бір қайнаған соң сорпасын төгіп тастап қайтадан май салып қуырады. Өйткені суға жартылай піскен сүр ет жұмсарып, тұзынан арылады.

Түйе қуырдақ - жас малдың кесек-кесек етіп туралған етін суға пісіріп алып, одан кейін май тұздық құйып дайындайтын қуырдақ.

Өкпе-бауыр қуырдагы өзге ет араластырылмай, тек өкпе мен бауыр дан қуырылады.

Қарын қуырдақ - тек қарын ғана қуырылады. Кейде ішек те қосады.

Қаймаққа бұлғанған қуырдақ - қуырылған етке қаймақ құйылып, әбден араластырылады.

Сары май қатқан қуырдақ - арық ет әбден қуырылған соң үстіне сары май салынады.

Қолдама қуырдақ - әбден иленген қамырды бармақпен басып үзіп, етке қосып қуырады.

Құйқалы қуырдақ – үйітілген малдың етінен қуырылады.

Қозықұйрық қуырдақ - семіз жас етке саңырауқұлақ қосып қуырылады.

Бүйрек қуырдақ - тек ұсақтап туралған бүйрек ғана қуырылады.

Сүт қуырдақ - май салмай сүтке, биенің саумалына, түйе сүтіне қуырған қуырдақ.

Су қуырдақ - тек тұзын татытып суға ғана пісірген қуырдақ.

Уыз қуырдақ - қуырылған еттің бетіне уыз құйылады.

  Жарияланған-2016-09-23 16:54:14     Қаралды-6062

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАДМИНТОН ТАРИХЫНАН

...

Бадминтон - спорт ойынының отаны Индия елі бола тұрып, оның дүние жүзіне мәлім болуы, ағылшын герцогі Бофорттың есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)

...

Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Кин-дза-дза!

...

«Кин-дза-дза!» фильмі түсіріліп жатқанда КСРО бассекретары Константин Устинович Черненко болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Алхорының жемістерінде алма, лимон қышқылдары, илік және бояу заттары, пектин, А және С витамині болады. Алхоры - өте дәмді тамақ болатын сапасы бар, бағалы жеміс.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРАҚАТ ЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Қарақаттың жидегінде, буршігінде, жапырағында, гүлінде С, В1, Р витаминдері және А витамині (каротин) көп болады. Сонымен қатар жидегінде қант, лимон, алма қышқылдары, илік заты және бояу бар, бүршігінде және жапырағында эфир майы болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСАН ҚАЙҒЫ

...

Асан Қайғы - қазақтың ақын-жырауы, философы. Ол XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында өмір сүрген. Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Асанның шын есімі - Хасан Сәбитұлы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »