UF

АЛМАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


 

Алма жемісінің адам организмінде пайдасы мол. Онда қант, алма, лимон қышқылдары, илік және пектин заттары, А11, С витаминдері бар. Жемісінен повидло, пастила, желе, мармелад, квас, компот, кофе жасалады және шырын алынады.

Алма жемісін табиғи күйінде сақтау. Піскен алмаларды таңдап алып, суын сорықтырып, қабығын аршып, бірнеше бөлекке бөледі және зақымданған жерін, тұқымын, жеміс сағағын алып тастайды. Ұсақ жемістерді кеспей тұтас алады. Қесілген алма қоңырайып, табиғи түсін өзгертіп кетпеуі үшін, 1%-тік түз ерітіндісіне 15 мин. бойы салып қояды. Сонан кейін осы 85-90° ыссы суда 5-6 мин. ұстайды. Егер ұсақ етіліп кесілсе, ыссы суда аз ұстау керек. Суығаннан кейін суын ағызып жібереді де, банкаларға салып, үстіне қайнап тұрған қантты сироп құяды (сироп жасау үшін 1 литр суға 300-350 грамм қант салады). Банка аузын қақпақпен бастырып, ішінде 40° ыссы суы бар, кастрюльге қойып (0,5 банканы 10 мин., литрлікті - 12 мин., 2 литрлікті - 30 минут) қайнатады. Стерилизацияланып болғаннан кейін банка аузын ауа кірмейтіндей етіп жауып, сол күйінде сақтау керек.

Алмадан компот жасау әдісі. Піскен жемістерді таңдап алып, суық суға жуып, қабығын тазалап, жеміс сабағын, тұқымын, зақымданған жерлерін алып тастайды да, кесіп бірнеше бөлікке бөледі. Кесілген жері қоңырайып кетпес үшін 1%-тік тұз ертіндісіне 15 мин салып қойылады. Сонан соң 85-90° температурадағы ыссы суда 5 минут бойы ұстау керек. Егер алма қышқыл болса, ыссы суда аз ұстайды. Алманы қайнап жатқан суға салуға болмайды, себебі алма пісіп кетеді. Суға салғаннан кейін одан алып, суын сорықтырып, әзірлеп қойған банкаларға салып, оның үстіне ыссы сиропты құяды. Сонан кейін банка аузын қақпақпен бастырып, ыссы су ішінде 9 мин, литрлікті - 12 мин, 3 литрлікті - 32 мин қайнатады. Стерилизациялап болғаннан кейін аузын жақсылап бекітіп, сол судың ішінде суытады.

Алмадан повидло жасау. Повидло жасауға тосаптан, желеден қалған алманы пайдаланады. Алманы жуып алып, еттартқыштан өткізіп, алынған ботқаны кастрюльге салып, қант қосады да 1 стакан ботқаға 1 стакан қант қосылады, араластыра отырып жайлап қайнатады. Қоюланғаннан кейін, қайнатуды тоқтатып, суытады. Сонан соң оны банкаларға салып, аузын май, су өткізбейтін (пергамент) қағазбен жауып, салқын, құрғақ жерде сақтайды.

Алмадан мармелад жасау. Алманы жуып, оның ортасындағы механикалық тканді тұқымдарымен алып тастап, эмальды ыдысқа салып, духовкаға қойып пісіреді. Піскен алманы езіп, ботқаға қант араластырып, былғап тұрып жайменен қоюланғанша қайнатады. Әзір болған мармелад суығаннан кейін банка аузын пергамент қағазымен жауып тастайды да, құрғақ, салқын жерге сақтайды. 1 кг алмаға 650 грамм қант салынады.

Алмадан конфитюр жасау. Піспеген (піскен алма да жарайды) алма жемісін тазалап, жуып, еттартқыштан өткізіп, су құйып, араластыра отырып 30 мин пісіреді. 10-15 минуттан кейін әркім өзінің қалауына қарай қант қосады. Дайын болғанын білу үшін салқын тарелкаға тамызады, тамшы жан-жаққа таралмаса - конфитюр әзір болғаны. Суығаннан кейін банкалардың аузын пергамент қағазымен немесе қақпақпен жауып, байлап, желдетіліп тұратын салқын құрғақ бөлмеде сақтау керек.

Алмадан сусын дайындау. Ағаштан жаңа жұлып алған ащы алмаларды жуып, ұсақтап кеседі. Ортасындағы бөлігін алып тастайды да, шишаға мойныңа келгенше салады. Үстіне жаңа алынған бал құяды. Аузын тығыз етіп тығындап тығын айналасына сұйық смола кұйып, ұраға қояды. Температура неғұрлым төмен болса, солғұрлым жақсы. Бірақ шиша ішіндегі зат қатпауы керек. Бір жылдан кейін өте дәмді сусын дайын болады. Оны сүзіп алып пайдалана беруге болады.

Алманы ашытып сусын алу. Тазартылған алманы кесіп еттартқыштан өткізеді де, оны аузы тар үлкен шыны ыдысқа салып, қант қосады (1 кг ұсақталған алмаға 100-150 грамм қант алынады). Ыдыстың аузын дәкемен жауып байлайды да, жылы жерге қояды. Ол 2-4 күннен кейін ашиды. Шырыны үстіне шығады да, алмасы астына тұнады. Шырынды сүзіп алып, оған тағы да қант қосып (1 литр шырынға 100-150 грамм қант қосылады), резина түтігі бар тығынмен аузын жауып, түтіктің бір ұшын суға батырып қояды. Осы күйінде ашығанша 15-25 күн қозғамау керек. Сонан соң сусынды сүзіп алады.

Алманы кептіру. Жуылған жемісті жұқалап кесіп, көлеңкеде кептіреді. Қепкен алмадан квас, компот жасауға болады.

Кепкен алмадан квас жасау үшін, оны әуелі суық сумен жуып, құрғағаннан кейін, үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып бір күн қояды. Бір күннен кейін суын сүзіп алып, квас ретінде пайдаланады. Үстіне тағы да қайнаған суды құйып, аузын жауып бір күн қояды, келесі күні квас дайын болады. Міне, осылай жалғастыра беруге болады. Күн сайын жалғастырып дайындалған кезде квасқа микроорганизмдер түсіп кетпеуіне мұқият болу керек.

 

  Жарияланған-2016-04-07 16:18:32     Қаралды-2354

Мәлімет сізге көмек берді ма

Загрузка...

ЖЕТІСУ

...

Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЛИТА

...

Бұл тағамды жасау үшін қатты етіліп қамыр иленеді де, 20 тең бөлікке бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК МЕЛИССА

...

Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК

...

850 грамм ірімшік пен 125 грамм бал жақсылап араластырылып, шай дастарқанына қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСКӨК

...

Аскөк – биіктігі 1,5 метрге жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жұмыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ ПЕЧЕНЬЕСІ

...

Бадам іріктеліп алынып, жуылады, жылы жерге қойып аздап кептіріп, рецепте көзделген құм шекердің жартысымен, жұмыртқа ақ уызының төрттен бірімен араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »