ДЕРМЕНЕ
Категориясы: Өсімдікті
ДЕРМЕНЕ — ПОЛЫНЬ ЦИТВАРНАЯ
Дермене – биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, көптеген қосымша тамырлары бар. Сабақтары көп, қызыл түсті. Жапырақтары кезектесіп орналасқан қауырсыи тәрізді жіңішке бөліктерге тілімделген. Гүлдері көптеген майда гүл корзинкаларына жиналып сыпырғы сыяқтанып шоғырланып тұрады. Гүл корзинкаларының сыртқы орамы 10-20 қабыршақты жапырақтардан тұрады, ал ішінде 3-6 түтікше тәрізді гүлдері бар. Олар да әлгі қабыршақты жапырақшалармен жабылып тұрады. Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. Өсімдік улы деп есептеледі. Дәрі үшін өсімдіктің жерге түскен бөлігінің жоғарғы жағын және гүл корзинкаларын толық ашылып кетпей тұрған кезінде жинап алады. Дермене Қазақстанның Шымкент облысында қалың болып өседі. Құрамында сантонин, майлар, ащы заттар, эфир майлары бар.
Дермене құрамындағы сантонин организмдегі жұмыр құрттарды түсіреді. Осыған байланысты дермененің гүл корзинкалары немесе аптекаларда сатылатын сантонин дәрісі осы жұмыр құрттар - аскаридаларға қарсы күресу үшін қолданылады. Шымкент облысындағы Түркістан қаласының маңайында өсетін дермененің құрамында сантонин өте көп болып шықты. Дерменені басқа жерлерге өсіріп байқау дұрыс нәтиже бермеді, олардың құрамында сантонин өте аз болды. Осыған байланысты Түркістан маңайындағы дермененің қалың өсетін жері қорық болып жарияланды.
Дермене - улы өсімдік, сондықтан онымен қалай болса солай дәрігердің бақылауынсыз емделуге болмайды. Кейде кісінің уланып қалатын жағдайлары да кездеседі.
Жарияланған-2016-07-12 15:02:34 Қаралды-9748
ДАУЬІЛ
Дауыл - стихиялық апаттардың қауіпті түрлерінің бірі, ол халық шаруашылығына орасан зор зиян келтіріп, кейде адамдар арасында құрбандықтар тудырады.
АЛТЫБАҚАН
Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады.
БАДАМДЫ ГРИЛЬЯЖ
Жармаланған бадам қосылған, қант-сірне шырынында қайнатылған, жалпақ төрт бұрышты шыны тәрізді қатты тағам.
ЛАШЫН
Құсбегілер лашынды жоғары бағалаған. Сұңкар тұқымдастарының ішінде ақ сұңқарды сиректігі үшін мәртебе көріп, қолға түсіруге құмартса, лашынға қырандық алғырлығы үшін қызығады.
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.
АДАМ АҒЗАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Адам ағзасының ең үлкен мүшесі - ұзындығы 5-6 метр болатын аш ішек.