ПИЯЗ - АТЕРОСКЛЕРОЗГЕ ҚАРСЫ
Категориясы: Өсімдікті
ПИЯЗ – ЛУК РЕПЧАТЫЙ
Пияз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, ол тікелей тамырынан өсіп шығады. Гүл сабағының іші қуыс, гүлдері майда, ақшыл, шар тәрізденіп сабақтың ұшында шоғырланып тұрады. Түбір түйнегі шар тәрізді, сыртында сары немесе қызыл қоңыр түсті қабықтары болады. Иісі өткір, дәмі ащы. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Бұл өте кең тараған бақша өсімдігі. Құрамында азотты заттар, қант, минералды тұздар, органикалық қышқылдар, С, В витаминдері, гликозидтер, ферменттер, эфир майлары бар. Дәрілік мақсатқа пияздың түбір түйнегін күзде жинайды. Б.П.Токиннің анықтауы бойынша пияздың құрамында микробтарды жоятын фитонцидтер бар.
Халық медицинасында пиязды тамаққа тәбет шаптыратын, ішек құрттарын түсіретін, құрқұлаққа қарсы әсер ететін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Атеросклероз, гипертония ауруларына қарсы және тоқ ішек қабынуын емдеу үшін де пайдаланады. Пияз асқазан бездерінің жұмысын жақсартады. Жас пияздың сығып алынған сөлін ауыз уылғанда пайдаланады. Іріңді жаралардың жазылуын тездету үшін жас пиязды жаншып жараға таңады. Шаш көп түсе бастағанда да пияздың суын шаштың түбіне жағады. Пияз сабағы сыртындағы қабығының 25 грамын жарты литр қайнаған суға салады да 15 минут тұндырып, шашты жуады. Бұл шашты бекітеді және шаштың арасындағы қайызғақтарды кетіреді. Атеросклерозды емдеу үшін және жөтелді азайтып, қақырықтың түсуін жеңілдету үшін, жас пияздың суы мен балды бірдей етіп араластырып, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді.
Грипп ауруын халық арасында былай емдейді: пиязды өте ұсақтап, 3X3 см дәкеге түйеді де, оны күніне үш мезгіл мұрынның ішіне 15 минутқа салып қояды. Тамақ бездері қабынғанда жас пияздың суын 1 шай қасықтан күніне 3 рет ішеді. Ал көзге ақ түскенде жас пияздың суып балмен араластырып емдейді. Пиязды сүтке пісіріп алып шиқанга, іріңді жараларға да таңып қояды. Бірақ пиязды және одан жасалған дәрілерді шамадан тыс кеп мөлшерде пайдалану асқазан, бүйрек және бауыр ауруларын асқындыруы мүмкін.
Жарияланған-2016-07-14 22:26:23 Қаралды-5307
ШЫҢҒЫС ХАН
Шыңғыс хан - Орта Азияда бүкіл моңғол тайпаларын бір қолға біріктірген ұлы әмірші, Шыңғыс хан империясының негізін қалаушы, атақты қолбасшы. Ол 1162 жылы Дилпун-Болдан (Дилунь-Булдак) шатқалында Онон өзені жағалауында дүниеге келген.
АЛМА СТРУДЕЛІ
Бадам және жүзім араластырылған алма повидлосын арасына қабаттап салған қамырдан жасалған тағамды алма струделі дейді.
СУ ТУРАЛЫ 15 ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Біз күн сайын сумен әрекеттесеміз: оны ішеміз, онымен тамақ әзірлейміз, жуынамыз, ыдыс жуамыз.
ГЕРОДОТ
Скифтердің тұрмыс-тіршілігімен етене жакын танысқан - тарих атасы Геродот. Грекияның Галикарнасынан шыққан Геродот біздің заманымызға дейінгі 455-445 жылдар шамасында Эгей теңізіне, Парсы еліне, Мысырға, Италияға, Скифияға, Македонияға саяхат жасайды.
ЕШКІ СҮТІНІҢ ПАЙДАСЫ ЗОР
Кавказ жағалауы елдерінде. Ортатык Азияда және кейбір шет елдерде ешкі сүті көптеп колданылады.
АХМЕТ ХАН
Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.