СУРЕТ ЖӘНЕ СУРЕТТЕМЕ
Категориясы: Өнер
Сурет. Суретшінің қыл қаламмен бояу жағып емес, қарындаш, көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын сурет деп атаймыз.
Суретшінің кез келген жұмысы суреттен басталады. Ол болашақ картинасын бастамас бұрын әуелі кенепке оның нобайын салып шығады. Сондықтанда ұлы шеберлердің қай-қайсысы да суретке үлкен мән берген. Микеланджело «бейнелеу өнерінің барлық түрінің қайнар бастауы мен жан-жүрегі» сурет деп санаған. Ал Көркем-өнер академиясында Репинді, Суриковты және Серовты оқытқан профессор П. П. Чистяков: «Сурет сала алмайтын адам картина да сала алмайды», - деп есептеген.
Бірақ сурет тек қосалқы қызмет қана атқарып қоймайды. Ол кейде суретшінің ұзақ уақыт бойы еңбек сіңіретін арнайы шығармасы боп та шығады. Суретші кез келген жанрлардағыдай суретте де адамдардың сезім дүниесі мен көңіл-күйін бейнелейді. Егер ол табиғат көрінісін салса, біз күн шуағын, ай нұрын немесе себелеген ақ нөсер мен бұлыңғыр мұнарды көре аламыз. Суретші тек суретте ғана сызық пен штрихтың мүмкіндігін сарқа пайдалана алады; сызық пен штрихты қалың, жуан, жіңішке жүргізу арқылы майлы бояулардың көмегімен бейнеленетін әсерлерді жеткізеді.
Сурет салғанда көбіне қарындаш, көмір немесе сангина пайдаланылады. «Сангина» латынның «Sanquis» - «қан» деген сөзінен шыққан. Ол қағаз бетіне сурет салуға арналған қызыл-қоңыр таяқша. Сангина мақпал түстес қою сызық түсіреді. Суретті тушьпен де салуға болады.
Суреттеме. Суретші табиғат ортасында, колхозда, заводта - қайда жүрсін мейлі көзі көріп, көңілге түйген әсем көріністі қағазға түсіргенше асығады. Көңілге ұнаған сөз бен ой-пікірді қойын дәптеріне жазып алатын жазушы сияқты суретші де назарына іліккен көріністі жеке параққа не альбомға салып алады. Мұндай көріністі көзбе-көз бейнелеуді суреттеме дейді.
Суретші саяхаттан оралғанда біз көрмеген өлкенің табиғатын, қалаларын, адамдарын бейнелейтін көптеген суреттемелер әкеледі.
Бізден тіптен алыста, сонау терістік қиырда Исландия жатыр. Біз ол өлкені біліп жарымаймыз, ал суретші О. Верейскийдің суреттемелеріне үңілсек, оның қатыгез табиғатын, адамдары мен олардың әдет-ғұрпын сырттағы жел мен сызды өткізбес үшін қатырма темірмен қаптап қойған Рейкьявик үйлерін көзбен көріп тұрғанда әсер аламыз.
Исландияда күн ешқашан ашық тұрмайды, сондықтан да халқы бояуларды айрықша жақсы көреді. Ондағы шуаққа малынып тұрғандай жарқырап тұрған сарғыш үйлерді көргенде, көк жүзін торлап алғам сұрғылт бұлттарды тіпті абайламай да қаласың.
Суретші Исландия балаларын ерекше сүйінішпен бейнелеген. Олар тез ер жетіп, оң мен солын ерте таниды. «Болашақ теңізшілерді еркеле туге, мәпелеуге болмайды», - дейді исландиялықтар. Суретшілердің мұндай суреттемелері бейтаныс елдер мен бейтаныс халықтардың өмірін жетік білуге көп жәрдемін тигізеді.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-17 12:28:00 Қаралды-7792
БІЗДІҢ МИЫМЫЗ ТУРАЛЫ 10 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ
Ми - адамның ең аз зерттелген мүшелерінің бірі. Өйткені, тәжірибелі нейрохирург үшін де ми жұмбақ.
МАҢҒЫСТАУ
Байлық тұнған түбек атанған ғажап өңір Маңғыстау Қазакстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан. Картадан қарағанда әйел адамның сүлбасы көз алдыңа елестейді.
ФРЕСКА ҚАЙ КЕЗДЕРДЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН?
Ең ерте кездерден бастап осы заманға дейін суретшілер монументтік бейнелеу өнерінде фреска әдісін кеңінен пайдаланады. Ол италия тіліндегі «fresco» «Шикі», «жаңа жасалынған» деген сөзден шыққан.
БЕТ КҮТІМГЕ ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕСТЕР
Беттің табиғи ажарының таймауын, оған мезгілсіз әжім түспеуін әркім де жақсы көреді.
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТАРИХЫНАН
Адам баласының өміріне үнемі жалғас болатын жеңіл атлетиканың негізгі үш түрі бар.
АҚ ТҰҢҒИЫҚ
Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.