ӘУЕДЕГІ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС
Категориясы: Соғыс
Әуедегі ядролық жарылыс - жарқыл аймағы барынша жарқыраған сәтте жер бетіне (суға) жетпейтін жарылыс. Әуедегі ядролық жарылыс биіктігі ядролық қарудың қуатына байланысты жүздеген метрден бірнеше километрге дейіңгі аралықта болуы мүмкін. Әуедегі ядролық жарылыс кезінде аса жарқыл шығып, отты шар пайда болады да ол бірте-бірте саңырау құлақ тәрізді радиоактивті бұлтқа айналады. Ядролық реакция нәтижесінде гамма-сәулелері, нейтрондар бөлініп және көптеген радиоактивті заттар пайда болады. Жарылыстың қуатына байланысты радиоактивті бұлт 10-20 км-ге дейін, ал термо ядролық жарылыстарда 20-40 км биіктікке дейін көтеріледі. Әуедегі ядролық жарылыс соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиация арқылы үйлерді қирату мен адамдарды зақымдау үшін қолданылуы мүмкін. Жер үстінің радиоактивтік зақымдануы жарылыстың биіктігіне байланысты болады жәңе ол жарылыс биіктігі артқан сайын азая түседі.
Жарияланған-2016-02-20 14:59:18 Қаралды-5570
БАДАМ ҚАНТ
Тазартылған тұтас бадамнан тұратын, сырты балқыған қантпен қапталған тағам. Беті бұжыр, түсі қоңыр болады.
АУҒАН ШӘРБӘТІ
Жеміс шырындарына апельсин мен лимон бөліктері салынып, аздаған су құйылады да бәрі қосылып қайнатылады.
ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.
ҚОЙ МЕН ЕШКІНІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ
Қой мен ешкі көшпелі елдердің, соның ішінде қазақтардың ерте замандардан бері малданған түлігінің бірі һәм бірегейі. Қой түлігін қазақ негізгі байлықтың көзі санап: «Қой - байлық, жылқы сәндік», «Қойлы бай, қорлы бай» деген.
ТҰРЫМТАЙ
Сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстардың бірі - тұрымтай. Қазақ құсбегілері тез көндіккіштігі үшін көбінесе ұядан алып, баулып, баптайтын болған. Көгершіннен сәл-ақ үлкен, шағын құс. Тұрымтайдың бітімі сұлу, көзі мөлдір болып келеді.
ЛИМОН ДОМАЛАҚТАРЫ
Ет тартатын машинкадан қуырма мен тазартылған жаңғақ жеке-жеке өткізіледі. Ет тартатын машина табылмаса оқтаумен ұнтақтауға да болады.