UF

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ

Категориясы: Өнер


 

Рафаэль Санти (1480-1520 жж.). "Сикстин мадоннасы". Деталь

Рим империясы құлағаннан кейін бірнеше жүз жылдарға созылған орта ғасыр дәуірі орнады. Ол кезде шіркеу тек жеке адамдарға ғана емес, мемлекеттерге де өктемдік етті. Өнер де шіркеуге бағынып, құдайға мақтау, марафат айтумен шектелуге мәжбүр болды.

Ғасырлар өткен сайын, ол дәстүр өзгере берді. Қалалар тез өсіп, қолөнері мен сауда-саттық жедел қарқынмен дами бастады. Алыс елдерге саяхаттар мен географиялық жаңалықтар дәуірі туды. Теңізде жүзушілер ұзақ та қатерлі сапарларынан таңғажайып елдер жайында қызық-қызық хиқаялар айтып оралатынды шығарды. Адамдар төңірегіндегі нәрселерге байыптап назар аудара бастады. Сүйтіп, ғылымның атқарар қызметі өсті.

XIV ғасыр Италиядағы Қайта өрлеу дәуірінің басы болды (Кейінірек, XV ғасырдың орта тұсынан, бұл құбылыс Европаның басқа елдеріне де кең етек жая бастады.)

Бұл өзі бүкіл елді, бүкіл халықты жаңаша жігерлендірген ғылым мен өнердің ерекше көркейіп өскен кезеңіне айналды.

Ежелгі дүние өнеріне деген ықылас та күшейді. Римнің қираған қалаларының қалдықтарын қазып зерттеу гректер мен римдіктердің қолынан шыққан талай-талай тамаша туындыларды қайтадан жарыққа шығарды. Ежелгі дүние тәңірлері мен қаһармандарының әсем бейнелері Қайта өрлеу тұсының шеберлерін тек тамсандырып қана қоймай, тың шығармашылық ізденістерге шабыттандырды. Олар да ежелгі дүние суреткерлеріне тән адам сұлулығына, адам рухының ұлылығына ерекше табынды. Олар өз шығармаларына орта ғасырдың тақуа пірәдарларын емес, өмірге құштар, бақытқа құштар өршіл жігерлі жандарды кейіпкер етті.

Суреткерлер өз шығармаларын діни сюжеттерге құрғанмен, ондағы бейнеленіп отырған көрініс өмірдің өз шындығына көбірек ұқсап тұратын еді.

Ол дәуірде Италияда талай-талай тамаша суретшілер өмір сүрді, бірақ солардың арасында ең ұлы, ең данышпан үшеуінің атын кімде-кім білуге тиісті. Олар - Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти және Микеланджело Буонарроти.

Рафаэльдің атақты «Сикстин аруын» күллі дүние біледі. Мынау - сол шығарманың бір бөлігі ғана.

Осынау уыздай жас әйелдің жүзіне бір қарасаң болды, ол мөлдіреп омірбақи көз алдыңда қалады. Аяулы ару әлпештеген бөбегін бауырына қысып, аялай көтеріп тұр. Сол бір қимылында қаншама жылылық, мейір, ықылас жатыр десеңші. Діни сюжеттерден белгілі көрініс әр бір жер басып жүрген пендеге бірдей түсінікті, бірдей ыстық аналық махаббат пен мейірімнің асқақ жырындай естіледі.

Ару әйел баласы үшін әлденеден қам жегендей, мұңая қарап тұр. Оның іштегі күйзеліске, сезім арпалысына толы нәркес жанары мен ойлы жүзінен көз айыра алмайсың.

Микеланджелло Буонаротти (1475-1564 жж.). "Давид". Деталь.

Қайта өрлеу дәуірінің ең бір ұлы шебері мүсінші, суретші және сәулетші Микеланджело еді. 1504 жылы оның туған қаласы Флоренциядағы алаңға азаттық жолындағы күрескер бейнесі ретінде кескінделген «Давид» статуясы орнатылды. Оған алып Голиафпен алысып, өз елін езгіден құтқарып қалған бақташы Давид жайлы діни аңыз негіз болды. Микеланджело Давидтің қабағынан қар жауып, тәуекелге бел буып, қолына белдіктің тұйығын қыса ұстап, қарсыласымен айқасар кезді қасқая күтіп тұрған сәтін бейнелеген. Оның жалаңаш денесі ежелгі грек мүсіншілері ерекше сүйіспеншілікпен бейнелеген ержүрек атлеттердің тұлғасын еске салады. Бірақ Микеланджелоның «Давидында» ежелгі мүсіншілердің назарына Іліге бермеген соны бір қасиет бар. Ол - кейіпкердің жан дүниесіндегі алай-түлей сезім дауылы. Ол ежелгі заман қаһармандарындай емес, өз сезімін жасырмайды. Жүзінде ыза, ашу, кек тұр.

Қайта өрлеу дәуірінен бері бес ғасыр өтсе де, ол тұстағы шеберлердің шығармасы бізді осы күні де қатты тебірентеді.

1962 жылы желтоқсанның аяғында үлкен теңіз лайнері баяу жылжып Нью-йорк гаваніне келіп кірді. Қарсы алушылардың көптігінен жер қайысады. Сақшылар қоршаған жүкшілер құлыпталған үлкен қорапты баспалдақпен алып түсті, машинаға тиеді. Жан-жақтан мотоциклшілер қоршаған әлгі қорап Метрополитен өнер музейіндегі арнайы залға әкеліп қойылды. Сол арада қораптың қақпағы ашылып еді, ар жағынан наздана күлімдеген ару әйелдің ай дидары жарқ ете қалды.

Париждің атақты музейі - Луврдағы «Мона Лиза Джоконданың» портреті Америкаға осылай әкелінгенді. Данышпан суретші Леонардо да Винчидің қаламынан шыққан әйгілі шығарма адамдарды бәз-баяғысынша таңғалдырып, қуанышқа бөлейді.

Адамзаттың бүгінгі әулеті ежелгі ұлы шеберлердің шығармаларын ерекше риза сезіммен, көздің қарашығындай қастерлеп бағуда.

 

  Жарияланған-2016-11-14 16:46:51     Қаралды-1494

Мәлімет сізге көмек берді ма

Загрузка...

БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҚУЫРМА-ҚАТТАМА (печенье)

...

Бадам іріктеліп алынып, үккішке салынып ұнтақталады. Арнайы бадам үккіш болмаса, бадамды қантпен және екі жұмыртқаның ағымен араластырып, көзі кішкентай ет тартатын машинкадан 2-3 рет өткізу қажет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИНОГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Қазір сендер көріп отырған сурет тек аң және қара бояудан ғана тұрады. Бұл - гравюра. Бірақ ол ағаштан емес, линолеумнен ойылып көшірілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨҚТЕМДІК ЖАНАРГҮЛ

...

Көктемдік жанаргүлдің шикізаты аптекаларда тұнба жасау үшін, ал заводтарда галенді препараттар мен гликозидтер алу үшін қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ

...

Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ

...

Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Әдемі – ақымақ дегенді білдірмейді

...

Егер сіз тіпті ескі американдық киноларға қызықпайтын болсаңыз да, сізге керемет әдемі актриса Хеди Ламаррдың түрі таныс шығар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »