ҚАМЫС
Категориясы: Өсімдікті
Қамыс - қияқ тұқымдасына жататын ең көп тараған өсімдік. Суда, ылғалды жерлерде өседі. Негізінен, 250-ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда оның 14 түрі бар. Ең жиі кездесетіні - көл қамысы немесе қоға. Оның биіктігі - 2,5 м-дей. Төсемелі тамыры тереңге жайылып өседі. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағында сақтайды да, «үнемдеп» пайдаланады. Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры қандай тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады.
Қамыстың сабағынан түрлі тоқыма бұйымдарын, жылу ұстағыш құрылыс материалдарын дайындайды. Кейбір тропиктік елдерде өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін «аралдар» тоқиды. Осы «аралдарға» тіпті картоп егеді. Дәрілік өсімдік санап, тамырын тағам ретінде де пайдаланады.
Жарияланған-2015-11-26 13:53:16 Қаралды-4217
МУСКАТ ЖАҢҒАҒЫ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ

Қант пен жұмыртқа араластырылып, он бес минут бойы шайқалады. Мұқият тазаланған бадам ұсақтап туралады да оған қосатын басқа заттармен қосып араластырылады.
ЖАС ӨРІКТЕН ЖАСАЛҒАН САМБУК

Өрік мұқият жуылады. Сүйектерінен арылтылып, үстіне аздаған су қосып, үккішпен үгіледі. Өрік пюресіне құм шекер және шикі жұмыртқаның ақ уызы салынып, шайқалады.
ШЫРҒАНАҚ – АСҚАЗАН АУРУЛАРЫНА ЕМ

Шырғанақ – биіктігі 5 метрге жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы көбінесе қара түсті болып келеді.
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.