UF

СУРЕТШІ ИЛЛЮСТРАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

Категориясы: Өнер


 

Біз суретті кітапты ашып қарағанымызда, басқа бір әлемге тап болғандай әсер аламыз. Әлгі суреттерде өлі кейіпкерлер тіріліп, кітапта айтылатын оқиға өткен ел мен жер қаз-қалпында сайрап көз алдымызда тұра қалады. Сүйтіп, автордың айтып отырғанының бәрі өзімізге етене таныс ахуалдай көрініп кетеді.

Кітаптағы мұндай суретті иллюстрация деп атайды.

Суретші оларды қалай жасайды?

Әуелі ол болашақ кітаптың қолжазбасын бірнеше рет қайталап оңып шығады. Сүйтіп, роман, повесть, әңгімедегі кейіпкерлермен ойша танысады. Ең бастысы - олардың мінез-құлқын біліп, тұлға-тұрпатын, бет әлпетін, қимыл-қозғалысын көз алдыңа елестете алу.

Суретші алдын-ала әлденеше жобалар жасайды, төңірегіндегі адамдар арасынан кітап кейіпкерлеріне ұқсайтындарды іздейді. Егер онда белгілі бір қала мен село, өзен мен тау сөз болатын болса, соны барып көріп, суретке салады.

Автор өткен замандар оқиғасын сөз ететін болса, суретші әңгіме боп отырған дәуірді шұқшия зерттейді. Музейлерді аралап, кітаптарды ақтарып, ол кезде адамдардың қалай киінгенінен, үйлердің қалай салынғанынан, қандай жиһаздар болғанынан мәлімет алады. Суретші өзі бейнелейтін нәрселерді өте жетік білуге тиісті. Оны тек автордың қол жазбасы ғана емес, өзі де, оның ойлары мен кейіпкерлері туралы пікірлері де қатты қызықтыруға тиісті.

Суретші Д. Дубинский Аркадий Гайдар шығармаларын иллюстрациялауға кіріскенде, жазушы қайтыс боп кеткен еді. Дубинский жазушы шығармаларын қайта-қайта оқып, оны көргендердің естелігін қызығатыңдады. А. Гайдар повестеріндегі балалар мен қыздарды өз ауласында тұратын балалар мен қыздардай етене жақсы біліп, жақсы көріп кетеді.

Әсіресе, оның «Чук пен Гек» повесіне салған иллюстрадиясы сондай тамаша. Ол екі баланың басынан өткен оқиғаны көрмесең де, көргендей қып, көз алдыңа мөлдіретіп тізе қояды. Міне, алғыр да пысық Чук, міне, бірдеңеге ұрынып жүрмесе басы ауыратын аңғал Гек.

Дубинскийдің бейнелеуінде олардың екеуі де өте сүйкімді балалар. Олардың жан-дүниесінің сұлулығы да жан-жақты ашылған.

 

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

 

 

 

 

 

 

  Жарияланған-2016-11-03 17:32:26     Қаралды-4119

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛУА ӨНДІРУ

...

Біздің елімізде алуа ежелден өндіріліп келеді. Ол шығыстың тәтті тағамдарына жатады және құрамында 30-35 процент қант, 30-35 процент май, 15-20 процент шамасында азотты заттар болатын сіңімділігі жоғары өнім болып табылады. 100 килограмм алуаның калориялы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТАРДА ҚОЙ-ЕШКІГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАР

...

Қазақ сенімінде төрт түлік те аса киелі жануарлар санатында. Кез-келген малды сол түліктің қарасы ауылдан ұзаған соң ғана бауыздаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

...

Әлемнің жеті кереметі - әлемге әйгілі болған ертедегі ғимараттар мен тас мүсіндердің атауы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨСІМДІК ТЕКТЕС ОЮ-ӨРНЕКТЕР

...

Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырақтар,

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРМЯН НАНЫ

...

Бұл - ашытқы қосылған тоқаш қамырынан жасалған нан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА 10 ПАЙДАСЫ

...

Алма қабығында антиоксидант кверцетиннің көп мөлшері бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »