ҚАЗАҚТАРДА ҚОЙ-ЕШКІГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАР
Категориясы: Жануарлар
Қазақ сенімінде төрт түлік те аса киелі жануарлар санатында. Кез-келген малды сол түліктің қарасы ауылдан ұзаған соң ғана бауыздаған.
Қойды киелі санаған халқымыздың қиялында оның шығу тегін көк аспан мен оттан жаратып, қойға қатысты табынулар қазақтардың әдет-ғұрыптарында кеңінен таралған десе де болады.
Қазақтарда қой-ешкіге қатысты дәстүрлі ырымдар мен тыйымдар көп кездеседі. Олар:
- Өрісте жайылып жүрген малдың, не қоралы қойдың ортасынан қақ жарып өтпейді. Себебі, қоралы қойдың ішінде Қызыр пайғамбар жүреді. Малдың оттай ыстық көрінуі содан деп ырымдайды. «Малды ауылда құт бар», «Мал бар жерде жан бар», «Қойдың сүті қорғасын, қойды қырған оңбасын» деген мақалдар тегін айтылмаған. Қоралы қойдың ортасын жарып етсе, Қызыр шамданады, мал екіге бөлініп, шығынға ұшырайды. Қазақтардың сенімінше таңертең Қызыр отардың алдында жүрсе, кешке соңында жүреді екен де жолаушы отармен кездескенде таңертең отардын алдын ораса, кешке соңында жүреді екен.
- Қой түнде ыңыранып жатса, төл өседі, ал маңыраса үрку, жаманшылық нышаны деп сенеді.
- Егер қой күзде төсін жиі қақса, қыста қар калың түседі.
- Күздің аяғында не қыстың бас кезінде өрістен қайтқан қойлар аузына бір-бірден шөп тістеп келсе, кыста жұт болады.
- Күзде қозылар енелерінен қалғыштап, отардан жиі бөліне берсе, қыс қатты болып жұтқа ұласуы мүмкін.
- Егер қозылар қоралы қойдың алдына шығып жайылса, қыс аса жайлы болмақ.
- Күзде қой отары тау беткейіне, үнемі өрге қарай жайылса, жұт болуы мүмкін.
- Күзде, кыста өріске шығар алдында қойлар секіріп, ойнақтап, сүзісіп, бірін-бірі куаласа, кешікпей күн қатты суытады.
- Таңертең қорадағы қойлар жел тұратын жаққа қарсы қарап күйсеп ыжатса, ауа райының жылылығы мен жайлылығы бірнеше күнге созылады.
- Егер қой тісін қайраса, кешікпей боран тұрады.
- Қыста қойлар өріске шыққысы келмей, күндегісінен кешігіп, самарқауланып, зауықсыз өрсе, сол күні ауа райы қатты бұзылады.
- Қой кыстыгүні қораға иіниіресмей, емін-еркін кірсе, ауа райы жайлы болады.
- Қой өрісте тоқтамай, тұрақсыздана жүгірсе, қорадағы көңді тұяғымемен қазып тебіндесе, кешікпей боран болады.
- Қозы-лақ секеңдеп ойнақтаса, жауын болады.
- Сойған қойдың қарнының түгі калың болса, қыста қар қалың туседі.
- Түнде қандай жақын адамы болса да, қорадан мал ұстап бермейді. Өйткені, қой жусап жатқан қорада бақ қонып жатса, құт пен береке сонымен кетеді.
- Қойды сойып, басын үйіткенде алдымен бауыздау жағынан бастап үйітеді. Бұл пышақтың жүзіндегі қылау өртенсін дегені. Қазақта пышақтың жүзі жоғары қарап қойылса, мал басы кетеді деп ырымдап, жүзін төмен қаратады.
- Қойдың мүйізін, жүнін өртесе, қорадайғы койдың сүйегі сырқырайды.
- Қойдың үстінен аттап өтуге болмайды. Ол киелі мал. Қазақ қойды «Бейіштен шыққан», «Меккеге барған» деп дәріптейді.
Қой-ешкіге байланысты қазақтың әдет-ғұрыптары қазақ арасында кең таралған, кой-ешкі кұрбандық малы. Қазақ «ақсарбас» атаса қойды «құдайы» өткені. Қара шұнақ лақ немесе қоңыр тоқты қатардағы құрбандық болса, үш-төрт жасар боз қасқа немесе ақ сарбас қой біршама беделге ие деп жазады этнограф ғалымдар.
Қазақ қозы-лаққа ен салған күні үлкен үйдің отауларға, балаларға беретін қозы-лақтары болады. Бұны - көгентүп атаған. Қойды қазақ - сүйіншіге, кұн төлеуге, айып пұлға, қалың малға, тасаттыққа, қалжаға, бата оқырға (қайтқан адамға), елікті жерлеуге, үйлену тойында, ауруды көшіруге т.б. негізгі қолданатын малы. Ертеректе өзге біреу жайылымнан мал айдап өтсе, «тұяқ ақысы» деп бір кой беретін болған. Арықтарды қазып немесе қайта тазарту үшін жиналған жұртқа бұрындары «қан құю» ғұрпын жасатып, семіз ту қойды сойдырыпты деген деректер бар.
Қасиетті деп танылған малға қол жұмсауға, шыбыртқы қамшымен өсу, ұру, тебуге, тіптен балағаттауға, қатты кейуге болмайды. Себебі «мал киесі» теріс айналса, ешқандай құрбандықпен, тасаттық ырыммен де қайырылмайды, сөйтіп, құт қашады, ырыс ортаяды, «киесі» ашуланған малдың өнімі азайып, ауру шырмайды деген халық сенімі де тегіннен шықпаса керек.
Ешкі тулігі қазақта көкпарға тарту үшін берілетін түлік. Қара ешкі - қыс бейнесінде есептелінеді. Бата жасап сойылып, додаға салуға тапсырылады. Осы әрекет арқылы тіршілік қамы басталатын көктемге деген құрмет көрсетіледі.
Ертеде лақ етінен жаубүйрек жасауды қойлайлы көрген. Ол ушін жалпақ жуқалау тастарды бір жерге үйіп, қыздырады, соған лақ етін жаймалап, тұздап, қызған тасқа лақтыра салса, тез піседі екен.
Көктен тамшы тамбай, құрғақшылық каупі сезілгенде қазақтар серкені құрбандыққа шалып, терісін тауға көмеді. Содан тауға карап Тәңірден жауын сұрайтын да сенім бар деп жазады ғалым Б. Алтаев. Ел ішінде осы түлікке қатысты әлі де бізге беймәлім наным-сенімдер қаншама.
Жарияланған-2016-08-22 12:53:10 Қаралды-8568
Мохаммед Али өзінің алтын медалін өзенге тастап жіберді
Өзінің өмірбаянында Али 1975 жылы Рим Олимпиадалық Ойындардан қайта кері оралғанда Огайо өзеніне өзінің алтын медалін тастап жіберді, одан және оның досынан «түсті» болғандықтан ресторандардың бірінде қызмет көрсетулеріне мүмкіндік берді.
ПАННО МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ
Панно монументтік бейнелеу өнерінің шығармасына жатады. Ол негізінен үйдің ішкі не сыртқы қабырғасын безендіреді. Ол да картина сияқты кенепке бояумен салынады.
ТІСТЕРДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАЗАЛАУ КЕРЕК?
Тіс пен қызыл иектің сау болуы үшін оларды тазалау жеткіліксіз.
ЖОЛБАРЫС НЕГЕ ШҰБАР, ЖИРАФ НЕГЕ ТЕҢБІЛ?
Мұндай түстер аң, құстардың жауынан қорғану үшін ғана емес, аң аулауы үшін де қажет.
ҰСТАУҒА БАЛҒА НЕГЕ КЕРЕК?
Мына жарық дүниеде бір адам өмір сүріпті. Нар көтергендей күшті екен. Ертеңнен қара кешке дейін қап-қара түтін қаптаған ұстаханада ұсталық етіпті.