UF

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕ

Категориясы: Өнер


Мынау Рембрандтың «Әулие әулет» атты картинасының көшірмесі. Жартылай қараңғы шағын бөлме. Сол жақта төбеде әлде бір мүйістен күн көзінің сәулесі түсіп тұр. Ол жас әйелдің беті мен құндақтағы сәбиге шашырапты.

Шығарма Айса пайғамбардың тууы жайындағы библия аңызына арналса да, ол көрушіге кәдуілгі жұмыр басты пенделер - қарапайым шаруаның үй іші көрсетілгендей әсер қалдырады.

Картинада жарық та, қою көлеңке де, жарық көлеңкеге алмасар тұстарда жартылай көлеңке де ұшырасады. Сурет өнерінде жарық пен көлеңкенің осындай үйлесімі үлкен маңыз атқарады. Ол арқылы адамдар мен заттардың көлемін, табиғат көркін, ауаны ұтымды бейнелеуге болады. Ол шығарманың әсерлілігін де арттырады.

Рембрандт Харменс ван Рейн (1606-1669 жж.) "Әулие әулет"

Рембрандт - жарық пен көлеңкені пайдаланудың асқан шеберлерінің бірі. Оның шығармалары кейде асыл тастай жарқылдайтын, кейде түнгі шырағдандай маздаған жарық пен нұрға толы. Кейде көл-көсір шұғыла адамның бетіне, қолына түседі де, денесінің қалған бөлігі қаракөлеңкеге сіңіп қалтарыс қалады.

Итальян суретшісі Микеланджело Меризи да Караваджо жарық пен көлеңкені атымен басқаша пайдаланған. Ол өз картинасында жарық пен көлеңке арасындағы кереқарлықты шебер пайдаланған: қара көлеңке фонда айқын бояулы кескіндер, ал жарқын фонда, керісінше, қаракөлеңкелеу тұлғаларды бейнелеген.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-03 16:08:29     Қаралды-5199

Мәлімет сізге көмек берді ма

ВАНИЛЬДІ КИХЕЛАХ

...

Қамырдан жасалған құырма сияқты тағам осылай аталады. Бұл тағам қамырға химиялық қопсытқыш қосып дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА 10 ПАЙДАСЫ

...

Алма қабығында антиоксидант кверцетиннің көп мөлшері бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БУНГЕ КИІКОТЫ - АТЕРОСКЛЕРОЗКЕ ҚАРСЫ

...

Бунге киікоты, райхан биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЕНЕҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Үйге таза ауа молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Тауықтар да жарыла алады

...

1950 жылы неміс газеттерінің бірінде жарылғыш тауықтар туралы оқиға болды. Оқиғаны одан әрі оқи отырыңыздар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »