ЭРЕБУНИ
Категориясы: Тағам
Бұл - ішіне дәм қабық пен ванилин салынып қабатталған қамырдан жасалатын шығыстың жаңадан шығарылған тәтті тағамы.
Араластыратын машинаға температурасы 28-30 градус су құйылып, ашытқы, тұз, жұмыртқаның сары уызы, жұмсарған сарымай салынып, бәрі мұқият араластырылады. Содан соң біркелкі болып шыққанша 10-15 минут бойы қамыр иленеді. Ол 25-35 минут бойы ұсталып, содан кейін бөлінеді. 4-5 килограмнан бөлінген қамыр жайылады, маймен майланады да конверт сияқты етіліп жиналып, температурасы 4 градус тоңазытқышқа қойылып, 20 минут ұсталады. Қамыр қабаттарының арасына жағылатын май алдын-ала 10:1 қатынастағы ұнмен араластырылып, қамыр илейтін машинада дайындалады.
Қамыр бөліктері жайылады да араға жарты сағаттан салынып, бір-бірінің үстіне қойылады. Бұнымен бір мезгілде арасына салатын заттары да дайындалады. 8-10 градусқа дейін салқындатылған сарымай құм шекермен, дәм қабықпен, ванилинмен қосылып, үгіледі де ылғалдылығы 8-10 процентке жететін біркелкі үгілгіш масса болып шыққанша араластырылады.
Қамыр қабаты үш бұрышты етіліп жүзі қисық пышақпен кесіледі. Оның беті шырша бұтақтарына ұқсайтын бедерлер салынып әсемделеді.
Бұл тағам температурасы 200-220 градус пеште 20-25 минут пісіріледі. Жеке ыдысқа салынып та немесе тұтастай да шығарылады. Сырты әдемі қорапқа салынады. Бір килограмында кемінде 15 данасы болады. Ылғалдылығы 11-13 процент.
Бұл тағамды дайындау технологиясының ерекшеліктері 1 тонна дайын өнімнен 20 килограмм май үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өнім сапасы да жақсы болады. Қамыр қабатын жақсылап жаю есебінен тағамның қабаттары да жақсы болып шығады.
Шикізат әркімнің қалауынша.
Жарияланған-2016-03-02 15:54:56 Қаралды-1018
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАСТЕЛЬ

Швейцария суретшісі Жан Этьенн Лиотардың мынау «Шоколад дайындаушы әйел» деген картинасына қараңдаршы.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ЭСКИЗ

Біз бұрын суретші болашақ шығармасына керек кейбір нәрселердің тездетіп сырт нобайын түсіріп алатынын білетінбіз. Ондай суреттер әлгіндей нәрсені көріп тұрып, көз бе көз салынатын.
ТӨЛЕГЕН ДОСМАҒАМБЕТОВ

Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы (1940-2001) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мұртық ауылында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959), Ленинград кескіндеме, мүсін ж
МИНИАТЮРА ҚАЙ КЕЗДЕ КЕЗДЕСЕДІ?

Ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі. Ондай суреттерді миниатюра деп атайды.
САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.