ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАР
Категориясы: Тағам
Қазақ халқының ұлттық дастарқанында бар, бірақ қазіргі кезде ұмыт бола бастаған мынандай да дәстүрлі тағамдарына тоқтала кеткеннің артықтығы жоқ.
Түймеш - келіге түйіп, жаңғырыққа салып тоқпақпен жанышталған ет. Оны кейде сол күйі қатырып немесе қарынға салып сақтайды. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіріледі.
Май түймеш - майын көбірек жіберіп келіге түйген ет. Оны көбінесе өңешке, жүректің қолқасына тығып пісіруге болады.
Бітеу - бүйенге тығып пісірген ұсақ ет. Оның бір жағы тұйық, екінші басы тігулі, соған орай піскенде өз сорпасы өзінде болады.
Меңіреу - әсіптің үлкен және семіз етіп жасалған бір түрі.
Жаужұмыр - сойылған малдың етін бұзып, қалың еттерін арсалап алып, түгелдей өз қарнына салып, су құймай пісірген ет. Оны кейде жаубүйрек деп те атайды.
Борша кісе - тауық, қаз, үйректің, бұзау, лақ, қозының еттеріне күріш, сарымсақ, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосылады. Сүт құйып отырып машинаға тартылады. Содан ішекке, бүйенге тығылып немесе қамыр арасына салынып пісіріледі.
Жаубүйрек - қойдың, ешкінің, бағланның бұзбай пісірген бөксесі.
Сырбаз - өз терісіне орап, алдын-ала от жағылған шұңқырға көміп пісірген бағлан еті.
Ет хошан - құйрық май, қамыр, өсімдік майын қоспалап қарынға салып пешке пісіретін, тұз-бұрыш, иіс дәмі келісті тағам.
Жарияланған-2016-09-23 16:44:39 Қаралды-3066
ҚАУЫНҚҰРТ

Қауын ортасынан жарылады. Дәні алынып тасталынады. Қабығынан аршылған еті бөлек алынып, жұқалап туралады.
ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК – КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАҒАМДАРЫНЫҢ БІРІ

Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі - ірімшік.
ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҰЛЫ ИМПЕРИЯСЫ

Шыңғыс хан империясы - XII-XIII ғасырларда Орталық Азиядағы көшпелілер тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Шыңғыс хан (Темучин, 1162-1227 жж.) мен оның ұрпақтары құрған мемлекеттердің ортақ атауы.
АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ

Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973 жылы Тарих, археология және этнография институтының жанынан ашылған.