АСТАНА
Категориясы: География
Астана деп мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығын айтады. Ол елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала болып табылады. Біздің еліміздің бас қаласы Астана болып саналады.
Жалпы, астана деген ұғымды әр халық ежелден (орта ғасырлардан) пайдаланып келеді.
Астана ұғымының шығу тегі әр түрлі. Қазақстанда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Қарасу өзенінің Қобдаға құяр сағасындағы көне қала орны Астана деп аталады. Дешті Қыпшак заманында (XII-XV ғасырлар) белгілі қала орнында сақталған ескерткіштер құрылысы жағынан Кеңгір өзені бойындағы (Қарағанды облысы) Домбауыл, Аягөз өзені бойындағы Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазарына ұқсас.
Астана атты қалалар Қазақстанда ғана емес, Қытайда да кездеседі. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы Тұрфан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде Астана және Қарақонса қыстақтарының жанында ерте орта ғасырдағы Идиқұт қаласы тұрғындарының зираты Астана деп аталады. Бұл зират қорымын алғаш рет ағылшын зерттеушісі А.Стейн XX ғасырдың басында ашты. Зираттар VI ғасырдың басы - VII ғасырдың ортасындағы Гаочаң мемлекетінің орны саналады. Қабірлерден жақсы сақталған жазба ескерткіштер, қытай, соғды әрпімен түркі тілінде жазылған мыңдаған жазбалар табылды.
Жарияланған-2015-11-25 21:19:57 Қаралды-1222
Плутон зерттелген

«Жаңа горизонттар» - НАСА автоматты планета аралық станса, ол «Жаңа шекаралар» New Frontiers) бағдарламасы шеңберінде ұшырылды және Плутонды және оның табиғи спутнигі Харонды зерделеуге арналған
АУА

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.
КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.
АУҒАН ШӘРБӘТІ

Жеміс шырындарына апельсин мен лимон бөліктері салынып, аздаған су құйылады да бәрі қосылып қайнатылады.
ИТСИГЕК

Итсигек – биіктігі 90 сантиметрге жуық, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, 6-7 метр тереңдікке дейін кетеді.