UF

МЕРГЕНДІК НЕМЕСЕ НЫСАНА КӨЗДЕУ

Категориясы: Спорт


 

Бізге мәлім болғандай оқ ататын мылтық XIV ғасырдан пайда болған. 1452 жылы Швейцарияның Сюри қаласында мылтықпен қарақшыны көздеп атудан алғашқы рет жарыс өтіпті.

Ал арнайы спортшылар үшін мылтық жасау XIX ғасырдың аяғына таман қолға алынған. Англияның Бирмингем қаласының қару-жарақ жасаушы шеберлері спортшылар үшін «кольт», «смит», «вессон» атты еқі жеңіл ату құралын жасаған.

Алғашқы халықаралық атқыштар Одағы 1905 жылы ұйымдастырылды, кейіннен бұл Одақ 1921 жылы Швецарияда халықаралық атқыштар одағы (УИТ) болып қайта құрылды, мұның құрамында 131 ұлттық федерациялар бар. Ал 1969 жылы бұрынғы Чехословакия мемлекетінде Еуропа конференциясы (ЕСК) ұйымдастырлды.

Қазіргі кезеңде әрбір төрт жылда Әлем чемпионатын өткізіп тұрады, онда ату өнерінің «стендовой» және «пулевой» деген түрлерінен әр елдің мергендері бәсекеге түседі.

Әлем чемпионатына тек ерлер ғана қатысады. Мергендік өнерінен сайысқа түсу 1896 жылғы олимпиадалық ойындарданбастау алса, әлем бірінішілігі 1897 жылдан, Еуропа чемпионаты 1955 жылдан өткізіліп келеді.

Стендалық мылтық ату өнерінде, спортшылар арнайы машинамен жоғары лақтырылған жеңіл табақшаларды қас-қағым сәтте атып түсірулері керек. Бұл өнерді меңгерген спортшылар, алғашқы кезеңдерде жәшіктен ұшып шыққан тірі көгершіндерді атып түсіріп жарысыпты. Қазіргі табақшаларды ауалата лақтыратын машинаны ойлап шығарған - американдық инженер Лиговский, бұл 1880 жылдар еді.

Дүниежүзі мергендері арасында ауалата лақтырылған 20 табақшаның барлығын да атып түсіріп, әлемдік рекорд жасаған орыс мергені Николай Дурнов. Бұл Каир қаласында, 1962 жылы өткен өлем чемпионатында болған оқиға еді.

Олимпиадалық ойындарды ұйымдастырушы Пьер де Кубертен мылтық ату спортынан жеті дүркін Франция мемлекетінің чемпионы болған. Ал конькимен мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Ресей мемлекетінің чепионы Н.А.Панин-Коломенкин, тапаншамен көздеп ату спортынан 1906-1907 жылдар аралығында Ресейдің 12 дүркін чемпионы аталыпты.

Мергендік өнерінң ең кеп тараған мемлекеттері - Швейцария, Америка, Скандинавия елдері.

Нысана көздеу өнері - Қазақстанда ертеден-ақ белгілі өнер. 1994 жылы Қазақстан мергендері егеменді ел ретінде Тайландта алғашқы Азия мемлекеттері арасындағы үлкен додаға қатынасты. Бұл жолы жарыстың екі түрінен жеңіске жеткен жерлестеріміз командалық бірінші орынға ие болды. Ал жарыстың үшінші түрінде қазақстандықтар үшінші жүлде алды. Жеке сында Қазақстан мергендері екі алтын медальмен оралды. Қазақстан мергендері - дөңгелек стендге Азияда тендесі жоқ команда. Республикада траншея атуда бірнеше рет әлем біріншілігін женіп алған А. Асановқа теңдес мерген әзірге Азияда жоқ болып тұр.

1994 жылғы мамыр айында Қазақстан нысана көздеушілері Қытай мемлекетінде болған Әлем біріншілігіне алғашқы рет өз елінің көк байрағын желпілдете шықты.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-28 17:31:40     Қаралды-2540

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛМАТЫДА ДА АЛЫП ЕМЕН АҒАШЫ ӨСІП ТҰР

...

Алматы тұрғындарынын ішінде де ұзақ жасаушы қарт адамдар кездеседі, бірақ та оларды, саусақпен ғана санауға болады Ал, ағаштардың арасында «ұзақ жасаушылары» көптеп кездеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жұлдызды жауынгерлер әлемді қалай өзгертті

...

1977 жылы алғашқы рет «Жұлдызды жауынгерлерді» көргеннен кейін Джеймс Кемерон қалааралық жүргізуші жұмысымнан кетті және кинематограф болуға бел буды. Фильмнің экран нұсқасы 1977 жылы көптеген ізбасарлардың, ойындардың санын, сонымен қатар «Жұлдызды жау

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨМБЕ - КӨМІП ПІСІРГЕН БІР УАҚ МАЛДЫҢ ТҰТАС

...

Қазақ халқы көмбелерді үйден гөрі түзде көбірек дайындаған. Көмбе - көміп пісірген бір уақ малдың тұтас еті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Гравюра - бетін белгілі бір өрнек салынған ағаш тақтайдан көшірілген бедер сурет. «graver» - французша бірдеңені ою, нақыштау деген сөз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӨНЕРІ

...

Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын Бағзы Греция мен оны жаулап алғап Римде қазір «Ежелгі дәуір өнері» деп ата латын сан алуан көркем өнер түрлері ерекше көркейіп өскен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА 10 ПАЙДАСЫ

...

Алма қабығында антиоксидант кверцетиннің көп мөлшері бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »