UF

ӨСІМДІККЕ ОРАЛҒАН ЕТ

Категориясы: Тағам


 


 

Жүзім жапырағына оралған қой еті (долма)

 

Құрамы:

фарш үшін - 300 грамм қой еті, 2-3 пияз, жүзімнің 12-15 жапырағы, 1 шымшым зире, тұз бен бұрыш татымына қарай; гарнирлік палау үшін - 1 кесе күріш, 3-4 түйір сәбіз, 2 ас қасық өсімдік майы, күріш ботқа үшін - 1 кесе күріш, 2 ас қасық тоң май, 2 кеседей сорпа.

Дайындау тәсілі:

Қой еті ұсақтап туралып, ұсақ көзді ет тартқышпен тартылады. Оған ұсақтап туралған пияз, зире салынады. Тұздалып, бұрышталады. Жақсылап араластырылады.

Жүзімнің жұмсақ орташа жапырақтары іріктеліп, сағағынан тазартылады, жуылады. Содан соң әрбір жапырақтың ортасына орта есеппен бір шай қасық фарш салынып, оралады. Біріктірілген жиектері төмен қаратылып, тақтай үстіне қатарлап қойылады. Үстінен алақанмен сәл-пәл басылып, тығыздалады. Сөйтіп біріктірілген жиектері бір-біріне қаратылып, екі-екі данадан қатты жіпке тізіледі. Содан кейін кастрюльдің түбіне тарелка қойылып, ішіне фаршталған жүзім салынып, бетіне тағы бір тарелка жабылады. Үстіне тарелкалар толық бататындай ауыр зат бастырылады да қайнатылады.

Дастарқанға қояр алдында еппен кастрюльден шығарылған голубцылардың жібі де аса сақтықпен алынады.

Бұл тағам дастарқанға гарнирмен де, гарнирсіз де қойылады. Гарнир ретінде күріш ботқа, етсіз палау пайдаланылады.


Помидорға салынған сиыр еті

 

Құрамы:

300 грамм сиыр еті, 12-15 помидор, 250 грамм құйрық май (125 грамы фаршқа, 125 грамы тұздыққа), 1 жұмыртқа, 1 сәбіз, 2-3 картоп, болгар бұрышының 1 түйнегі, ащы қызыл бұрыштың 1 түйнегі, тұз бен бұрыш татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Сиыр еті ұсақтап туралады да, еттартқышпен тартылады. Уақыт көтерсе еттартқышпен тартпай, қолмен өте ұсақтап тураған дұрыс. Сонда еттің өз сөлі өзінде болады. Енді етке ұсақтап кесілген құйрық май, пияз қосылады да, шикі жұмыртқа жарылып, құйылады. Шала піскен күріш қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Жақсылап араластырылады да, беті жабылып қойылады.

Әбден қызарып піскен помидордың түбі дөңгелектеп кесіледі. Кішкентай пышақпен басқа жерін кесіп алмай, өзегі мен дәні алынып тасталынады. Сөйтіп помидор «тостағанға» аздап тұз себіледі де, бадамның үлкендігіндей құйрық май салынады. Содан соң манағы әзірленген фаршпең толтырылады.

Фаршталған помидорлар бу кастрюлінің үстіңгі бөлігінің қабаттарына ашық жағы төмен қаратылып қатарластырылып қойылады. Кастрюльдің төменгі бөлігіне төртбұрыштап туралған құйрық май салып ерітіліп, шыжығы сүзіп алынбастан, ұсақтап кесілген пияз, сәбіз, картоп, дөңгелектеп кесілген болгар бұрышы, тұтас қызыл бұрыш түйнектері салынып қуырылады да, аздап су құйылып, шамалы бұқтырылады.

Помидордың алынып тасталынған өзегі ұсақтап туралын не еттартқышпен тартылып, сөлімен қоса кастрюльге құйылады да, тұз себіледі. Бу кастрюлінің фаршталған помидор қойылған үстіңгі бөлімі төменгі бөлімінің үстіне қондырылады да 35-40 минут сөлінің буына пісіріледі.

Дастарқанға қояр алдында фаршталған помидор кастрюльден алынып, тарелкаларға салынады. Ал сөлі, яғни тұздығы бөлек ыдыспен әкелінеді.


Капуста жапырағына оралған қой еті (голубцы)

 

Құрамы:

фарш үшін - 300 грамм қой еті, 300 грамм капуста, жарты кесе күріш, 1 пияз, тұз бен бұрыш татымына қарай: тұздық үшін - 1 ас қасық ұн, 2 ас қасық томат пюресі, 1 ас қасық қаймақ, 1 кесе су.

Дайындау тәсілі:

Қой еті ұсақтап туралып, ет тартқышпен тартылады. Оған бір қайнатылған, яғни шала піскен күріш салынады. Тұздалып, бұрышталады. Ұсақтап туралған пияз қосылып, жақсылап араластырылады. Сөйтіп жарты сағаттай беті жабылып қойылады.

Осы кезде капустаның үлкенірек біреуі кастрюльдегі қайнап жатқан суға салынып, 5 минуттай тағы да қайнатылады. Содан кейін түсіріп алынады да, суы сорғытылып, әрбір жапырағы бөлек-бөлек сыдырылады. Олар стол үстіне жайылады да, әрқайсының ортасына ас қасықпен фарш салынып, бүктеліп оралады.

Таба отқа қойылып, үстіне май салынады. Ол қызып, еріген кезде әлгі дайындалған голубцы салынып, екі беті қызарғанша қуырылады да, кастрюльге қатарластырылып қойылады. Сөйтіп үстіне тұздық құйылып, 30-40 минут бұқтырылады.

Бұл тағамға арнайы тұздық дайындаған дұрыс. Ол үшін таба отқа қойылып қыздырылады да, қаймақ, томат пюресі, су құйылып, аздап ұн себіледі. Содан соң араластырыла отырып қайнатылады.

Дайын голубцы дастарқанға тарелкаларға салынып әкелінеді. Үстіне өзін бұқтырған тұздығынан құйылады.


Болгар бұрышына салынған сиыр еті

 

Құрамы:

300 грамм сиыр еті, 12-15 болгар бұрышы, жарты кесе күріш, 1 пияз, тұз бен бұрыш татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Сиырдың жұмсақ еті ұсақтап туралады немесе ет тартқышпен тартылады. Шала піскен күріш қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Ұсақтап туралған пияз салынып, әбден араластырылады.

Болгар бұрышының жуандау жағы, яғни түбі дөңгелектеп кесіліп, үшкір пышақпен іші тазартылады. Содан кейін фаршпен толтырылып, кастрюльге ашық жағы жоғары қаратылып, қатар-қатар қойылады. Үстіне бұрыштардың деңгейінде су құйылады да, отты басыңқырап қойып, 40-50 минут бұқтырылады.

Бұл тағамға да голубцыға (капуста жапырағына оралған қой еті) дайындалғандай тұздың әзірленеді. Оның құрамы да, технологиясы да дәл сондай болады.

Тағам дайын болған соң тарелкаларға салынады да, үстіне тұздық құйылып, дастарқанға әкелінеді.

  Жарияланған-2016-09-22 10:06:26     Қаралды-3011

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ

...

Юань патшалығы - 1271-1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия және Қытай аумағында салтанат құрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІЛЕ ҚҰРТҚАШАШЫ – ҚАҚЫРЫҚ ТҮСІРЕДІ

...

Іле құртқашашы – биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, ақ түсті, көптеген қосымша тамырлары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮГЕРІ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН КҮЛШЕ (коржик)

...

Қант, жұмыртқа, қаймақ араластырылып, оған жуылған мейіз, жүгері үлпегі және сода қосылады да, 1 минут бойы тағы араластырылып, қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӨКТЕН ЖАСАЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Сөк әбден тазартылып, жылы суға салып жуылады. Суын сарқып төккен соң торға салып дегдітіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АБЫЛАЙ ХАН

...

Абылай хан (1711-1781 жж.) - қазак халқының әйгілі ханы, Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен өркендеуі және сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ҮГІЛГІШ ҚАТТАМА

...

Ұн мен қант араластырылып, кесек-кесек күйінде сарымай немесе маргарин, жұмыртқа (бір жұмыртқа ақ уызы бетіне жағуға қалдырылады), ванилин немесе ұсақ көзді үккішпен үгілген лимон цедрасы

ТОЛЫҒЫРАҚ »