ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ – ТӘБЕТТІ ҚОЗДЫРАДЫ
Категориясы: Өсімдікті
ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ – ПЕРЕЦ СТРУЧКОВЫЙ
Қызыл бұрыш – биіктігі 60 сантиметрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан, пішіндері жұмыртқа тәрізді, сағақтары ұзын, шеттері тұтас, ұштары сүйір. Гүлдері ақшыл, сары және көк түсті, дөңгелек, бұтақтарының айрылған жерлерінде бір-екіден орналасқан. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйек айларында жеміс береді. Қызыл бұрыш – мәдени өсімдік. Дәрілік мақсат үшін оның жемісін пайдаланады. Құрамында А, С витаминдері, капсаицын, пигменттік заттар, майлар, эфир майлары бар.
Қызыл бұрыштың жемісін азғантай мөлшерде тамаққа салса, тәбетті қоздырады. Оның спиртті тұнбасын ревматизмге шалдығып буын сырқырағанда, кұян болғанда, бұлшық еттер қабынғанда ауырған жерлерге жағады. Ал дененің үсіген жерлерін қызыл бұрыштан май дәрі жасап емдейді.
Қолдану тәсілі. Қызыл бұрыштың 25 грамм жемісш 100 мл араққа салып 10 күн тұндырады да, 30-40 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны дененің ауырған жерлеріне жағуға да болады.
Жарияланған-2016-07-14 16:41:37 Қаралды-3564
АЛТЫН - КҮМІС ТАС ЕКЕН, АРПА - БИДАЙ АС ЕКЕН

Қазақтың дәстүрлі дастарқанында күріш, бидай, жүгері, тары сияқты дән азықтарынан дайындалатын тағамдар өте мол, бұл тағамдар витаминге бай, организмге сіңімді келеді.
САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.
САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК

Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ.
ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ

Ықылас Дүкенүлы (1843-1916) - қазақ халқының дәулескер күйші-қобызшысы. Ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Оның атасы мен әкесі қобызшы болған. Киелі өнер ұлдарына да қонып, Ықылас қобыз әуенімен ер жетеді. Қорқыт ата аян беріп, әке
ДИУАНИ ХИКМЕТ

«Диуани Хикмет» («Ақыл кітабы») - Қожа Ахмет Иасауидің сопылықты (суфизм) жыр еткен әдеби шығармасы. Қожа Ахмет Иасауи қазақ даласында ислам дінінің нығаюына зор ықпал жасаған ғұлама, әулие адам болған. Шамамен 1093 жылы (кейбір деректерде 1041, 1103 жыл