ШЫМБҰЛАҚ
Категориясы: Табиғат
Шымбұлақ - таудағы және тау бөктеріндегі бұлақтардың жалпы атауы. Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Іле Алатауы, Талас Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатаулар өңірінде кездеседі. Түркі тіліндегі «шың» деген сөз «терең, тік шатқал» деген мағына береді. Ол біраз дыбыстық өзгерістерге ұшырап, қазак тілінде «шым» деп айтылып жүр. Кейде төңірегін қалың, берік шым басқан бұлақты қазақтар «шымбұлақ» дейді. Ал түркі сөзінен өзгеріп жеткен «шың» сөзі «шыңырау кұдық», «шыңырау» деуге келеді.
Қазақта тік шың басында бұлақ болмайды. Ол табиғат (физика) заңына қарсы болады. Сондықтан түркі тіліндегі «шың» мен казақтын «шым» сөзін шатыстырмау керек. Қазақтын шымбұлағы - жағасында көк майса шөп қалын өскен, шымы берік бекіп өскен жерден аққан бұлақты айтады.
Жарияланған-2015-11-25 21:29:08 Қаралды-5775
ЖАҢҒАҚ ШҰЖЫҚТАРЫ

Грек жаңғағының мықты-мықты жарты дәндері іріктеліп алынып, бір тәулік бойы салқын суға салып қойылады.
ГОТИКА – ГОТТАРДЫҢ АТЫНАН ШЫҚҚАН

ПАРИЖДІҢ қақ ортасында ауыз аштырып, көз жұмғызатын көркем ғимарат тұр. Көкке самғаған асқақ мұнаралар; қабырғадағы ойықтарда - мәрмәр мүсіндер; шатырдын, бұрыш-бұрышына химера деп аталатын құбыжықтар бейнеленген.
ҚИМАҚТАР

Қимақтар - түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар одағын құрған.
ДЕКОРАЦИЯ

Сәнді киінген Золушка мәрмәр баспалдақпен өкпесі өшіп жүгіріп келеді. Түн ортасы болып, қайырымды сиқыршының сиқыры тарап кетпей тұрып үйіне жетіп алмақ. Туфлиінің түсіп қалғаны да ештеңе емес, тек тезірек үйіне жетсе екен!
АПИЫН-КӨКНӘР

Бұл да – биіктігі 1 метрге дейін жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік әрі қысқа, жапырақтары көп.
ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА

Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша.