UF

ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

Категориясы: Ғарыш


Бүкіл күн жүйесіндегі ең үлкен, ең ауыр планета – Юпитер (Есекқырған) екен. Егер Юпитерді үлкен алма деп есептесек, жер онымен салыстырғанда бұршақтай ғана болып қалар еді. Юпитер мен жердің салмақтарын салыстырсақ былай болып шығады: таразының бір басына жаңағы үлкен алма юпитерді қоямыз, ал онымен тең басу үшін таразының екінші басына тура бір уыс, тіпті одан да артық – 318 бұршақ салу керек, міне Юпитер жерден сонша есе ауыр.

Юпитер жерден өте алыс, сондықтан сәулелі белгілердің өзі оған дейін ұзақ уақыт жүреді.

Юпитердің беті жердің, айдың, Марстың беттері сияқты қатты қабыршақты емес. Бүкіл планета қалың, тығыз атмосферамен тұмшаланған алып мұхит.

Юпитердің бір өзінде 14 серік бар, бұлардың кейбіреуі әжептәуір үлкен. Мәселен, ганимед деп аталатын серігі Меркурий планетасынан үлкен. Яғни, космос кемесін осы серіктердің біріне қондырып, байқауды осы арадан жүргізуге болады. Немесе, спутниктің Жерді айналғаны сияқты, космос кемесімен Юпитерді айналып жүріп те зерттеуге болады.

Юпитерге жақындағанда ең алдымен көретінің тарғылшар болады. Тарғылы әр түрлі – ақ, қызғылтым, көкшіл, бурыл. Бұл – Юпитердің бұлттары. Бірақ Юпитердің сұлбасындағы ең қызық нәрсе – оның қызыл теңбіл дағы. Бұл дақтың үлкендігі сондай, ол тіпті жердегі телескоптан да көрінеді. Ғалымдар оны баяғыдан бері бақылап жүр. Теңбіл дақ үнемі бір жерде тұрады, оны бұлт баспайды және не үлкеймейді, не кішіремейді. Бұл - бір –ұмбас сыр.

Юпитердің мұхиты жердегі мұхитқа мүлде ұқсамайды. Жердегі мұхитта қайықпен жүзуге, кемемен сапар шегуге болады. Мұхиттың беті – су мен ауаның шекарасы. Ал Юпитерде мұндай шекара жоқ: ауа қай тұста бітеді, су қай мөлшерден басталады – ажыратып білу мүмкін емес. Су демекші, ондағы су да өзгеше. Ыстық, қоймалжың, сондықтан біздің сүңгуір кемеміз өте берік болуы тиіс.

Бірақ, Юпитер Күннен алыс, жер мен Марстан да алыста, оның жылуы да азырақ болуы керек қой, сонда мұхиты қалай ыстық, қоймалжың болмақ. Бұл да Юпитердің құпия сырларының бірі. Ішіне ғаламат үлкен пеш орнатып алған сияқты. Юпитер өзін өзі қыздырады. Ал бұл неткен «пеш», онда жанып жатқан «отын» қандай – ғалымдар әзірге бұл жағын білмейді.

  Жарияланған-2016-09-09 20:14:24     Қаралды-25142

Мәлімет сізге көмек берді ма

МЕЙІЗ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ

...

Жұмыртқаға қант қосып шайқалып, қаймақ, сарымай, тұз салынады. Ұн крахмалмен және содамен араластырылып, әлгі шайқалған массамен қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕНДІ ҚАЛАЙ ӨНДІРЕДІ

...

Біз әуелі кен байлығы, яғни қазба байлық дегеніміз не екенін білейік. Біз өмір сүріп жатқан Жер, оның қыртысы алуан түрлі топырақтардан, тастардан, т.б. нәрселерден тұратынын білеміз. Олардың барлығы кен байлығына жатпайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЫРҒАЙ – ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫНА ЕМ

...

Гүлдерінен жасалған дәрілер бронх қабынғанда, подагра және ревматизм ауруларына қарсы, буындар сырқырағанда, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҮЛКЕН ЕГІС ДАЛАСЫ ҚАЙСЫ?

...

Бүкіл алқап жайылған алтын кілем секілді. Бұл - бидай, еліміздің астығы. Жел тұрса болды, теңіз суы шайқалғандай, даланы алтын түсті, сарыала толқын басады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Көзің - екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып, зақымданғанда немесе қиқым түскенде білерсің. Осыған орай халқымыз «Ішің ауырса - аузыңды тый, көзің ауырса - қолыңды тый» дейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАР

...

Қазақ халқының ұлттық дастарқанында бар, бірақ қазіргі кезде ұмыт бола бастаған мынандай да дәстүрлі тағамдарына тоқтала кеткеннің артықтығы жоқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »