МҮКЖИДЕК КӘМПИТІ
Категориясы: Тағам
Мүкжидектің іріктеп алынып, жуылған жемістері кастрюльге салынып, үстіне су (1 килограмм жеміске 1 стакан) құйылады да жұмсарғанша қайнатылады. Қайнатылған жемістер сүртіледі, ал пюре қантпен араластырылып, қоюлығы қаймақтай болғанша қайнатылу керек. Алынған масса май жағылған астаушаларға, жұқа табаға немесе полиэтилен пленкаға салынып (қалай және қай жерге қойып кептірілуіне байланысты) қойылады. Дайын болған кәмпитті түрліше етіп кесуге болады. Олар тіпті түтікше етіліп те орала береді. Содан соң сақтауға қойылады.
Бұл тағамды жасауға 1 килограмм мүкжидек, 0,8-1,0 килограмм қант, 200 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 18:34:36 Қаралды-2295
МИ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Мидың ең маңызды бөліктерінің бірі және оның ең жетілген бөлігі – үлкен жарты шарлар қабығы.
ЖЕЛАТИНСІЗ АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

Ұзынынан тілінген антоновка алмалары тайыз ыдысқа салынады. Ол ыдыстың жартысына дейін су құйылып, бұқтырылады да жұмсарғанша ұсталады.
СҮТТІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

Әлемде ен көп жасайтын елдердің ішінде тау халыктарының жүз жастан асқан адамдарының ғұмырының ұзақ болу себебін зерттей келгенде олардың негізгі тағамадары әркашан да піскен сүт, айран, қаймақ, ірімшік, т.б. сүт өнімдері екені анықталған.
МЕЙІЗ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ

Жұмыртқаға қант қосып шайқалып, қаймақ, сарымай, тұз салынады. Ұн крахмалмен және содамен араластырылып, әлгі шайқалған массамен қосылады.
ӨРІК КӘМПИТІ (пастила)

Піскен өріктер жуылып, сүйектерінен ажыратылады. Аздаған суға салынып, пісіріледі де ысқылап електен өткізіледі. Ботқа сияқты алынған масса өлшеніп, салмағы сондай қант қосылады.