ЖҮГЕРІ НЕМЕСЕ БИДАЙ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Категориясы: Тағам
Жұмыртқа қантпен және ванильді қантпен қосылып, 40-50 градусқа дейін қыздырылады. Содан соң шайқай отырып, бөлме температурасына дейін салқындатылады. Салқындағаннан кейін ұнтақталған жаңғақ араластырылған жүгері улпегі және қаймақ консистенциясына жеткізілген май қосылған қамыр бір минут бойы қолмен немесе қасықпен иленеді. Дайын болған қамыр май жағылған жұқа табаға қасықпен аз-аздан салынады да пеш температурасы 150-180 градусқа жеткізіліп пісіріледі.
Жаңғақтың орнына ұсақтап туралған цукат немесе лимон яки апельсин қабығын пайдалануға болды.
600 грамм қуырма (печенье) жасау үшін 2 стакан үлпек, 1 стакан құм шекер, жарты стакан жаңғақ, 50 грамм май, 1 грамм ванильді қант жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-11 12:58:24 Қаралды-1883
АЛМАТЫНЫҢ ТӘТТІ НАНЫ

Бұл нанды жасау үшін май, қант, қатырылған (меланж) немесе қатырылмаған жұмыртқа, сода немесе аммоний араластырылады.
ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ

Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.
СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.
АЛМА СІЛІКПЕСІ

Қабығы мен дәні тазартылған алма ұзынынан бөлініп, жақсылап қайнатылады. Қайнатылған алмаға қант, лимон қышқылы және бөккен желатин қосылады.
АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ

Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.