САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК
Категориясы: Ғарыш
Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ. Сондықтан космос кораблінде қабырғамен жүруге, төбеде ұйықтауға болады. Бұл корабль ішіндегі салмақсыздықтың әсерінен. Бірінші космостық жылдамдыққа дейін зымырап, Жер төңірегіндегі орбитаға шыққан корабль ішіндегі барлық нәрсе - әр түрлі заттар да, ғылыми зерттеуге арналған аспаптар да, адамдар да өз салмағын жоғалтады.
Үш бірдей ракета космосқа әрең шығарған алып корабльді өздерің сияқты кез келген бала қолымен итеріп, қозғар еді. Егер піл немесе бегемот орбитаға шыға қалса, олар да құстың қауырсыны тәрізді жеп-жеңіл кетер еді.
Жерде заттар неге соншалықты ауыр, ал космоста - жеп-жеңіл, салмақсыз? Себебі біз Жер бетінде жүргенде үнемі оның тартылыс күшінің ықпалын сеземіз. Ол бізді өзіне тартса, біз бұған қарсыласып, өзімізден ары итереміз, Жердің бетіне қысым түсіреміз. Егер отырғышта отырсақ, қысымды оның бетіне түсіреміз, ал отырғыш өзін тіреп тұрған жерге қысым түсіреді. Егер кереуетте жатсақ, қысымды соған түсіреміз, кереует - үйдің еденіне қысым жасайды, ал үй жерге тіреледі.
Егер біз таразы үстіне шықсақ, бар қысым соған түседі, таразы бұл қысымды өлшеп, біздің салмағымызды анықтайды. Мінеки, дәл осы таразы көрсеткендей күшпен Жер бізді өзіне тартады, ал біз де дәл осындай күшпен оған қарсыласып бағамыз, қысым түсіреміз. Космос кораблі орбитаға шығып, Жер серігі сияқты оны айнала бастағанда корабльмен бірге столдар да, креслолар да, космонавтардың өздері де үлкен жылдамдықпен біздің планетамызды айналып, ұшып жүреді. Сол жылдамдықтың әсерінен қалыптан тыс жағдай пайда болады: адам түрегеліп тұрғанымен, оның аяғы еденге ешқандай қысым түсірмейді, ал ол отырғанымең, денесі креслоға жақындамайды. Бірақ кораблъ өзінің космостың жылдамдығын азайтып, баяулай бастасыншы - жоғалған «салмақ» қайта оралып, ішіндегі барлық нәрсе, корабльдің өзі де бірден ауырлап кетер еді.
Космоста барлық тамақ сықпа құтылар мен арнайы қалталарда сақталады. Космонавтарға тәрелкенің қажеті жоң, өйткені одан көже де, ботқа да ұшып кеткен болар еді, себебі космоста олардың да салмағы болмайды ғой. Тәрелке болмаған соң, қасық пен шанықшының да керегі аз. Сонымен, көжені, ботқа мен пудингіні, пюрелерді, қысқасы барлық сұйық, қою тағамдарды бірден сықпа құтыдан ішуге тура келеді.
Сұйық заттың қай-қайсысы да, мейлі ол таза су ма, морс па, кофе әлде шай ма - бәрі-бәрі салмақсыздық жағдайында шар формасына ие болады. Сондықтан, оларды құмырадан немесе құтыдан құйып алу қиын. Сілкілеп, қағып түсіру қажет. Бірақ, бұлай еткен жағдайда сұйық шар ұсақ-ұсақ тамшыларға айналып, моншақша шаншылып кетер еді. Оны шаңсорғыштың көмегінсіз жинап алу мүмкін емес, тек шаңсорғыш қана әлгі моншақ-моншақ тамшыларды жинап, сорып алады. Сонда космоста шайды кесеге құюға болмаса, оны қайтіп ішеді? Дәл сұйық көже ішкендей: құтының немесе арнаулы баллондардың шүмегін ағытып, резеңке түтік арқылы сорады да, шөлі қанғаннан кейін шүмекті жабады. Космонавтар орбиталық станцияда айлар бойы тұрады. Сонда олар қайда, қалай шомылады? Олардың космостық үйінде душ та бар, тек ол әдеттегіден мүлде өзгеше. Адам берік әрі мөлдір пленкадан жасалған кабинаға енеді де, сырғымалы «есікті» жабады. Едендегі бекіткіштерге аяғын байлап, душ қондырғысын іске қосады. Ол шамамен көшедегі су себетін машина сияқты жұмыс істейді: шүмектен бүріккіш арқылы жоғарғы қысыммен шыққан су космонавтың үстіне нөсер боп жауады. «Моншаға түсіп» болған соң, әлгі қондырғы шаңсорғыш құсап кабина ішіндегі судың бәрін бір тамшысын да қалдырмай жинап алады.
Жарияланған-2016-09-10 16:34:37 Қаралды-3281
ЖЕНТТЕН ҚАНДАЙ ТӘТТІ ТАҒАМДАР ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

Бұл - қыста да, жазда да бұзылмайтын, әрқашан өзінің нәрлілігі мен дәмділігін сақтайтын, сондықтан да көшпелі халықтың дастарқанынан тиесілі орын алған ұлттық тағам.
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ

Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан.
БАС ҚАЛАНЫҢ БАҒБАНШЫСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

Алматы - Алатаудың іргесінде орналасқан жасыл желекті қала. Осы қаланың бау-бақшаға айналуына зор үлес қосқан бағбаншылар қатарына Э.О. Баум, П.Рурдэ, Н.Моисеев, Е. Редько және т.б. атауға болады. Ал, Алматыда бау-бақша өсіруге улес қосқан Алаш азаматтары
Баобаб қанша өмір сүреді?

Баобаб кң алдымен өзінің көлемімен әйгілі. Діңгегінің диаметрі 8 метрге жетеді. Сондай-ақ бұл ағаш ұзақ өиір сүретінін барлығы біледі. Бірақ, баобабтардың қанша уақыт өмір сүретіндігін дәл анықтау мүмкін емес. Оның жарамды сақиналары жоқ. Сондықтан бағала
ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІЛЕРІ

Ән-күй өнері қазақ даласында халықпен бірге жасап келеді. Қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиғалар ән-күй жанрында өз көрінісін тауып отырған. Әншілер мен күйшілер халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін, мақсат-мүддесін әндері мен күйлеріне қосқан. Негізі
Ертеде мотоциклистер жолаушылармен өте сирек қарым-қатынас жасаушы еді

Мотоциклистердің үнемі бір қиыншылықтары болатын еді – егер екі адам бірдей мотоциклде отырса олар бір-бірімен сөйлесе алмайтын еді. Бақытына орай, қазірде бұл мәселе шешілуде.